08.04.2022, 16:46 15556

ҚР Үкіметі іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар пулын жариялады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында биылғы ақпан айында Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды.
НҰР-СҰЛТАН. 8 СӘУІР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында биылғы ақпан айында Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет инвестициялық жобалар пулын әзірледі. Оған шикізаттық емес секторларда 500 млн теңгеден басталатын, әр түрлі сатыдағы отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілген, деп Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

Пул жалпы сомасы шамамен 24,14 трлн теңге болатын әлемнің 30-дан астам елінен 761 инвесторлар жобасынан тұрады және 108 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді.

Жобалардың толық тізімі Сыртқы істер, Ұлттық экономика министрліктерінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен АХҚО-ның ресми сайттарында қолжетімді. Сонымен қатар салалар бөлінісінде жобалар бейінді министрліктердің сайттарында, өңірлер бөлінісінде қалалар мен облыстар әкімдіктерінің сайттарында жарияланған. Жарияланған ақпаратта мынадай деректер ұсынылған: жобаның атауы, инвестор елі, іске асырылып бастаған күні және пайдалануға беру жоспарланып отырған күні, өңір, жауапты мемлекеттік орган, инвестициялар сомасы және жұмыс орындарының саны. 

Жобалар туралы ақпарат жобалардың әр түрлі сатыларда дамуына байланысты тоқсан сайын жаңартылып отырады.





 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны