09.06.2022, 16:26 14761

ҚР Президенті халықаралық компаниялар басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді

Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды.
ҚР Президенті халықаралық компаниялар басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАУСЫМ - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында "Fortescue Future Industries" компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ "Полиметалл УК" акционерлік қоғамының президенті Игорь Финогеновті қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі.
 
 "Fortescue Future Industries" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты.
 
Игорь Финогенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі ірі тау-кен және алтын өндіруші компаниялардың қатарына кіретін "Полиметалл УК" акционерлік қоғамының жұмысы туралы мәлімет берді.
 
Кәсіпкер Мемлекет басшысына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.

Бұған дейін Тоқаев ЕҚҚДБ Президентімен Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны