31.12.2022, 09:50 50931
Ресей мұнайының Қазақстан арқылы Қытайға транзиті туралы келісім 10 жылға ұзартылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Келісім Қазақстан арқылы Қытайға жылына 10 млн тоннаға дейінгі көлемде Ресей мұнайын тасымалдауды көздейді
Астана. 31 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ресей Федерациясының үкіметі Қазақстан арқылы Қытайға мұнай транзитінің мерзімін ұзартты.
Құжат бойынша мұнай жеткізу мерзімі - 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін.
Келісім "Атасу - Алашанкөл" құбырымен Қазақстан арқылы Қытайға жылына 10 млн тоннаға дейінгі көлемде Ресей мұнайын тасымалдауды көздейді.
Мұнай транзитін ресейлік "Роснефть" және қазақстандық "ҚазТрансОйл" компаниясы жүзеге асырады.
Айта кетсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанда 90 млн тоннадан астам мұнай мен 3 млн тоннаға жуық сұйытылған газ өндіру жоспарлануда.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.09.2026, 12:59 696
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 24 пайызға өсіп, 32,4 млрд АҚШ долларына жетті
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2026 жылдың жеті айында $32,4 млрд-қа жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,1 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл деректер Гонконгта Қазақстан атынан сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өкілдік етіп жатқан "Бір белдеу, бір жол" XI саммитінде жарияланды.
Қазақстанның Гонконгпен арадағы сауда өсіп, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында оның көлемі 250,6 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе артты.
Саммит барысында Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін де ерекше назар аударылды. Бүгінде Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтағы теміржол жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.
Елімізде теміржолдар мен автомобиль жолдары, шекаралық өткізу бекеттері мен логистикалық орталықтар, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты - Орта дәліз дамытылып жатыр. Қазақстан сондай-ақ шетелдегі терминалдар желісін кеңейтіп, жүктерді рәсімдеу мен қадағалауды жеделдетуге арналған цифрлық жүйелерді енгізуде.
Сауда министрлігі транзит көлемін арттыру ғана мақсат емес екенін атап өтті. Қазақстан көлік дәліздерін инвестиция тарту, жаңа өндірістерді іске қосу және өңірлік жеткізу тізбектерін құру үшін пайдалануды көздейді.
Жұмыс сапары аясында Арман Шаққалиев Гонконгтің арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лимен кездесті. Кездесу барысында көлік және логистика, өнеркәсіп, тау-кен секторы, қаржы, цифрландыру және инвестиция салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Гонконг әкімшілігінің басшысы Қазақстан басшылығына жылы лебізін жеткізіп, бірлескен бастамаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.
Қазақстан өңірдің көлік және ресурстық әлеуетін, Қытайдың өндірістік мүмкіндіктері мен Гонконгтың қаржылық сараптамасын біріктіре отырып, "Қазақстан және Орталық Азия - материктік Қытай - Гонконг" форматында ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.
"Қазақстан серіктестікке ашық және бірлескен жұмысқа дайын. Біздің міндетіміз - Еуразиядағы көлік байланысының артып келе жатқан мүмкіндіктерін жаңа өндірістерге, инвестицияларға және тұрақты сауда байланыстарына айналдыру", - деді Шаққалиев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нақты бірлескен жобалар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2026, 10:47 2966
SPIC компаниясы Екібастұзда салынатын жел электр станциясына 1,2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салмақ
Достарға айту
Екібастұз ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жоба Қытайдың State Power Investment Corporation (SPIC) пен "Pavlodar Green Energy" ЖШС бірлесіп жүзеге асырылуда. Құрылысқа тартылатын тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,2 млрд АҚШ долларын құрайды. Жел электр станциясын 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
"Жоба аясында қуаты 300 МВт және сыйымдылығы 600 МВт·сағ энергия жинақтау жүйесі бар жел электр станциясын салу көзделген. Жобаны іске асыру жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін арттыруға және өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", деп жазылған хабарламада.
Тараптар сондай-ақ, ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын және Қазақстанда жаңа энергетикалық жобаларды іске қосу мүмкіндігін талқылады.
Естеріңізге сала кетсек, 2026 жылы елімізде жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысанын, оның ішінде төрт жел электр станциясын, бес күн электр станциясын және бір су электр станциясын іске қосу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2026, 09:58 3651
Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады
Достарға айту
Қазақстандық компаниялар ЕАЭО-ның екі жаңа өнеркәсіптік жобасына қатысады. Болжам бойынша, олардың бірі ел бюджетіне шамамен 180 млн теңге салық түсімін әкеледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тиісті шешімдер онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қабылданды.
Жобалардың бірі Мәскеу облысында коррозия мен өрттен жоғары деңгейде қорғайтын лак-бояу материалдарын өндіретін "АКРУС" кәсіпорнын салуды көздейді. Жобаны жүзеге асыру бес жылға есептелген және 2026 жылы басталады.
Оған Беларусьтің "Орион-ВК" ғылыми-өндірістік кәсіпорны, материалдар мен технологиялық жабдықтардың бір бөлігін жеткізуді қамтамасыз ететін қазақстандық "ASYL CONSTRUCTION" ЖШС және ресейлік "АКЗ покрытия" ЖШҚ қатысады. Қазақстандық компания материалдар мен технологиялық жабдықтардың бір бөлігін жеткізеді.
Тағы бір жаңа кооперациялық жоба Самара гипс комбинаты базасында жаңа араластыру желісін салуды көздейді. Жоба барысында құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісін жылына 75,5 мың тоннаға ұлғайту қарастырылған.
Қазақстандық "Элита" ЖШС инжинирингтік және құрылыс қызметтерін көрсетеді. Осы жобаны іске асырудан түсетін салық түсімдері есебінен Қазақстан бюджеті үшін болжамды экономикалық тиімділік шамамен 180 млн теңгені құрамақ.
ЕАЭО-дағы кооперациялық жобалар жобаны іске асыруға берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен төмендетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алады.
Сондай-ақ отырыс барысында фитосанитариялық бақылауға жататын карантинге қойылатын өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Бірыңғай талаптарда көзделген таңбасы болған жағдайда, ағаштан жасалған қаптама және бекіту материалдарына фитосанитариялық сертификатты міндетті түрде ресімдеу талабы жойылады.
Кеңес отырысында Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне де өзгерістер қабылданды. Түзетулер 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді және тұтынушыларды өнім туралы дәйексіз ақпараттан қорғауға, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін ойыншықтардың айналымға шығарылуына жол бермеуді қарастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 18:53 15106
Қазақстанда жұмыссыздарға төленетін төлемақы қысқарады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Елімізде 2026 жылдың 1 қазанынан бастап жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің шарттары өзгереді деп күтілуде. Нақтырақ тоқталсақ, төлем мерзімі алты айдан үш айға дейін қысқарады және де төлем мөлшеріне де шектеу қойылады.
Жаңа тетікті пилоттық режимде іске қосу жоспарлануда.
Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және жұмыссыздық мәртебесін алған азаматтар алады. Төлем мерзімі бұрынғыдай жүйеге қатысу ұзақтығына байланысты болады, алайда оны үш айдан артық алу мүмкін болмайды, деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Төлемнің ең жоғары мөлшері де өзгереді. Қазір ол соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыс ескеріле отырып есептеледі. 1 қазаннан бастап төлемнің ең жоғары мөлшері жеті ең төменгі жалақының 45 пайызы деңгейінде белгіленеді.
Төлем алу құқығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды. Ол үшін алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет.
Егер жұмыссыз азамат ұсынылған бос жұмыс орындарынан дәлелді себепсіз үш рет бас тартса, ол тиісті мәртебесінен айырылады, содан кейін әлеуметтік төлем тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда жұмыссыздар жұмысқа орналасқаннан кейін есептен автоматты түрде шығарылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 17:00 15476
Энергетика, көлік және цифрландыру: «Самұрық-Қазына» 38 жобаға 21 трлн теңге қаржы салмақ
Қордың басқарма төрағасы мемлекет басшысына есеп берді
Достарға айту
2027-2029 жылдары "Самұрық-Қазына" энергетика, мұнай-газ саласы, көлік және цифрлық инфрақұрылымды қамтитын жалпы құны 21 трлн теңгені құрайтын 38 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, деп мәлім етті қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында.
Мемлекет басшысы қордың қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады.
Жақыповтың айтуынша, 2026 жылы қор 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отыр.
Олардың қатарында Мойынты - Қызылжар, Дарбаза - Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл - Жетіген, Бейнеу - Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын салу жобасы бар.
Бұдан бөлек, Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Кездесу қорытындысы бойынша президент "Самұрық-Қазына" қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет қойды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовамен кездесу өткізген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 16:04 17071
Қазақстанда тұтынушылық несие өсімінің қарқыны 4,6 пайызға дейін баяулады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанда реттеу шараларының нәтижесінде 7 ай ішінде тұтынушылық несиенің өсімі 4,6 пайызға дейін баяулады, деп мәлім етті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында.
Әбілқасымованың айтуынша, банктердің активтеріктивтері 75,6 триллион теңгеге дейін (6,9 пайызға) ұлғайған, капиталдың жеткіліктілігі 20,7 пайызды құрайды. Бизнеске арналған кредиттер 3,5 пайызға ұлғайып, 16 триллион теңгеге жетті. Кәсіпкерлікке жаңадан берілген кредит көлемі жыл басынан бері 19,1 пайызға өсіп, 12,5 триллион теңгені құрады.
Сегіз айда агенттік қаржы нарығына қатысушыларға 279 тексеру жүргізіп, 190 қадағалау шарасын қолданды және 465 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер нарығында 13 ұйым лицензиясынан айырылды, тағы алты ұйымның лицензиясы тоқтатыла тұрды. Төрт коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды.
Сондай-ақ, Әбілқасымова банктер туралы жаңа заңды іске асыру аясында заңға тәуелді актілер базасы толығымен жаңарғаны, 80 нормативтік-құқықтық акті қабылданғаны жөнінде баяндады.
Ол биыл шілде айынан бастап мерзімі кешіктірілген берешекті ұжымдық реттеудің Finkelisimkz платформасы іске қосылатындығын мәлім етті. Жыл соңына дейін азаматтардың арыз-шағымдарын қарау үшін Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі жұмыс істей бастайды.
Бұдан бөлек, агенттік жасанды интеллектіні пайдалана отырып, FinAI бірыңғай қадағалау платформасын құрды. Жыл соңына дейін ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді қорғауға бірыңғай тәсілдерді қамтитын қаржы нарығының барлық секторларына жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын әзірлеу жоспарланып отыр.
Президент қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қаржы саласында жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану, экономиканың нақты секторларын кредиттеуді арттыру, сондай-ақ капитал мен сақтандыру нарығын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 14:15 18526
Қазақстанда 13,5 млн тонна астық бастырылды
Достарға айту
Қазақстанда 9,6 млн гектардан, яғни егіс алқаптарының 61,6 пайызынан 13,5 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
"Шаруалар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдар жинаған, бұл жалпы көлемнің 61,6%-ы. Бүгінде орташа өнімділігі гектарынан 14,1 центнер болатын 13,5 млн тонна астық бастырылды. Биылғы егін жинау жұмыстарының қарқыны 2025 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен едәуір озық тұр. Орылған астықтың сапасы да бірдей", - деп жазылған хабарламада.
Үкіметтің мәліметінше, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 2,83 млн тонна астық түсті.
"Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың ұқсас кезеңінде қабылдау көлемі 552,7 мың тоннаны құрады. Осылайша, түскен астық көлемі бес еседен астам өсіп отыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, егін сапасына да ерекше назар аударылып отыр. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша алынған жұмсақ бидайдың 93%-ы азық-түлік класына жатады.
"Азық-түлікке арналған бидай құрылымында 75%-ын үшінші сыныпты бидай, 18%-ын төртінші сыныпты бидай құрайды. Бесінші сыныпты бидай мен сыныпқа жатпайтын астықтың үлесі – 7%. Зерттелген жұмсақ бидайдың 51%-ында клейковина мөлшері 28%-дан жоғары екені анықталды. Тағы 23,6%-ында бұл көрсеткіш 25-27% деңгейінде, ал 25,4%-ында – 23-24% болды", - деген мәлімет берілген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Қазақстанда дәнді және майлы дақылдардан рекордтық өнім жиналған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 13:33 19771
Транскаспий бағыты бойынша тасымал көлемі 22 пайызға өсті
Шығыс - Батыс бағыты бойынша жүк транзиті 55 пайызға артқан
Достарға айту
2026 жылдың сегіз айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы тасымал көлемі 22 пайызға, ал Шығыс-Батыс бағыты бойынша транзиттік тасымал 55 пайызға өскен. Бұл туралы көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Батумиде өткен Грузия халықаралық теңіз форумында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға қатысушылар Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық көлік дәліздері мен логистикалық байланыстарды дамыту, порт инфрақұрылымын жаңғырту және саланы цифрландыру мәселелерін талқылады.
Транскаспий халықаралық көлік бағытын, сондай-ақ Орта дәліз ретінде белгілі бағытты дамытуға және теңіз, теміржол мен порт көлігін интеграциялауға ерекше назар аударылды.
Көлік дәліздерін цифрландыру негізгі бағыттардың біріне айналады. Атап айтқанда, көлік бағыттарының цифрлық картасын жасау жоспарланып отыр. Ол инфрақұрылым, логистикалық тізбектер және халықаралық дәліздер бойынша жүк қозғалысы туралы ақпаратты біріктіруге тиіс.
Сонымен қатар форум аясында Қазақстан өкілдері шетелдік ведомстволар мен бизнес өкілдерімен кездесулер өткізді. Тараптар Орта дәліз бойынша жүк ағынын арттыру және көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.09.2026, 09:58Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады 10.09.2026, 10:47 2701SPIC компаниясы Екібастұзда салынатын жел электр станциясына 1,2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салмақ10.09.2026, 10:23 2391Заң жобалары үш оқылымда қаралады: Құрылтай жаңа жұмыс регламентін бекітті10.09.2026, 11:09 200116 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салу: Құрылтай депутаттары шектеу тетігін ұсынды10.09.2026, 10:16 1041Жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық жасаған төрт күдікті сотталды
03.09.2026, 17:22 82941Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79711Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70461Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66861Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64701Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді
03.09.2026, 17:22 82941Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79711Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70461Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66861Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64701Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді

