30.12.2021, 14:27 48861

Ресейлік компания Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар зауытын салады

Жобаны ЕuroСhem Group трансұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын ресейлік "ЕвроХим" компаниясы іске асыруда.
НҰР-СҰЛТАН. 30 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр.
 
Онда жыл сайын бір миллион тоннадан астам өнім шығарылады және кемінде 1200 жұмыс орны ашылады. Жобаны Қазақстан мен Ресей бірлесіп жүзеге асырады. Сенаторлар бүгін зауытты іске қосу мақсатында тиісті келісімді ратификациялады.
 

Бүгін қаралған Келісім заман талаптарына сай химиялық кешен салуды және оны пайдалануға беруді көздейді. Зауыт өнімдері еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
Құжаттың шарттары бойынша ресейлік компания жобаға бір миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция салып, құрылысты 2024 жылы аяқтауға тиіс. Келісімде жобалау компаниясына бірқатар салықтық жеңілдіктер жасалады. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығынан және тауарлар импортына қосылған құн салығынан босату көзделіп отыр. Құжатта сондай-ақ қазақстандық мамандарды міндетті түрде кәсіпорынға жұмысқа орналастыру туралы талап жазылған. Бұл жобада кемінде 80 пайызы отандық кадрлар жұмыс істейді.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны