03.02.2022, 18:19 25631

Сенатор импортқа тәуелділікті азайту үшін резервтік қорлар құруды ұсынды

Сенатор импортқа тәуелділікті азайту үшін резервтік қорлар құруды ұсынды
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 3 АҚПАН - Сенатор Бауыржан Қаниев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері мен оларды шешу тетіктерін айтты.
 
Депутаттың айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бойынша қазір елге сүт өнімдерінің 23%-ы, құс етінің 38%-ы, шұжық өнімдерінің 44%-ы импортталады. Яғни, ел импорттық өнімдерге айтарлықтай тәуелді, бұл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. 
 
Осыған байланысты депутат елдің импортқа тәуелділігін төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамытуды қамтамасыз ету, экспорт пен импорттың теңгерімді құрылымын сақтау, сондай-ақ азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды орынды деп санайды. 
 

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелерін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынамыз. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу әрі сауда үстемелерін 15% - дан 10% - ға дейін төмендетуді және елде өндірілмейтін немесе сыртқы нарықтарда аз мөлшерде өндірілетін өнімдерді сатып алу тетігін енгізуді ұсынамыз", - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.


Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда табысы төмен отбасылар үшін тегін азық-түлік карталарын енгізу ұсынылды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны