05.07.2022, 15:45 16311

Өскенбаев: Қазақстан "Жібек Жолы" кемесін жалға алушымен шартты бұзуы мүмкін

Өскенбаев: Қазақстан "Жібек Жолы" кемесін жалға алушымен шартты бұзуы мүмкін
Сурет: ҚТЖ ҰК АҚ
НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет кулуарында Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін екенін айтты. 
 

Егер кеме Қазақстанда және халықаралық деңгейде қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін қызметпен (тасымалдаумен) айналысса, әрине, ондай келісімшарт бұзылып, кеме кері қайтарып алынады", - деді Өскенбаев. 

 
Еске салсақ, Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен тасымалданған астық жөнінде жергілікті билікке жүгінгені хабарланған болатын. 
 
 "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Украинадан астық экспортталып жатқанына қатысты пікір білдірді
 
Сонымен бірге ҚТЖ кемені жалға алушыдан мән-жайды жедел әрі егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны