02.02.2023, 15:34 66631

Смайылов пен Мясникович ЕАЭО шеңберіндегі кедергілерді одан әрі жою мәселелерін талқылады

Смайылов пен Мясникович ЕАЭО шеңберіндегі кедергілерді одан әрі жою мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді

Алматы. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда ЕҮАК отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуы тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.

Барлық шешімдер экономикалық прагматизмге негізделуі керек", - деді Премьер-Министр.


Өз кезегінде Михаил Мясникович Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштері ЕАЭО елдерімен өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді, онда ЕАЭО үкімет басшылары одақ шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасының жұмысын, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындауды талқылайды, өңірлік даму институттарының ЕАЭО-дағы жобалау қызметінің бағыттарын қарайды.

Отырыстың күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, техникалық реттеу, ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесі және басқа да өзекті тақырыптардың кең спектрін қамтиды.

Сондай-ақ валюталық қатынастарды реттеу мен ырықтандыру шараларын қабылдаудың келісілген тәсілдері туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны