Сурет: Depositphotos
Өндірушілер бағдарламаның іске қосылуына дайын болды. Біз жеткілікті көлемді жинай алдық. Биыл өндіріс көлемі шамамен 20%-ға артады деп болжанып отыр және маусым айында дилерлік орталықтарға 9 мыңға жуық автомобиль жеткізілмек. Автомобильдердің бар болуына қатысты проблемалар болмайды: барлығы клиентке айтылған мерзімде жеткізіледі", - деп сендірді спикер.
Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша автокөлік бәріне жете ме деген сұраққа жауап бере отырып, спикер автомобильдердің тапшылығы туралы айтудың қажеті жоқ деп мәлімдеді.
Бағдарлама бойынша бірінші кезеңде кемінде 10 мың автомобиль берілуі мүмкін, бірақ барлығы орташа чекке байланысты болады. Егер орташа чек былтырғыдай 10 млн теңгеден төмен болса, онда шамамен бағдарлама бойынша 15 мың автомобиль берілуі мүмкін. 2020 жылы қазақстандық зауыттар шамамен 93 мың автомобиль шығарды. Жылдар бойынша айтар болсақ, бұл жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша берілуі мүмкін автомобильдердің шамамен 15%-ы. Сондықтан автомобильдер тапшылығы туралы сөз жоқ", - деп атап өтті Еламанов.
Спикердің айтуынша, Chevrolet үлкен сұранысқа ие, екінші орында – Hyundai, одан әрі JAC, KIA, Лада. Автозауыттар өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді, бірақ дилерлік орталықтарға апта сайын жеткізу жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.