01.09.2022, 15:59 16781

Тоқаев жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарын атап өтті

"Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру".
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарын атап өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

 
Президенттің айтуынша, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:
 
– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;
 
– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;
 
– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.
 

Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз... осының бәрі - елеулі мәселелер. Бірақ оларды шешудің нақты жолдары бар", - деді Мемлекет басшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны