23.02.2022, 17:56 28386

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН. 23 АҚПАН - Вице-премьер Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиенің шарттарын айтты.

Вице-премьер "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінетінін айтты.

Осыған дейінгі бағдарламада жылдық пайыз - 20, бастапқы жарна 4 пайыз болса, қазір жылдық пайыз - 4, бастапқы жарна 4 пайыз болады. Бұл 7 жылға есептеледі. Әрине, 7 жыл көп уақыт болмағандықтан көбіне арзан көліктер берілетіні түсінікті. Дегенмен, 71 мың азамат жаңа көлікті қолжетімді бағамен сатып ала алады", - деді Скляр.


Ақпарат көзі: tengrinews.kz

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны