20.10.2022, 13:47 34836

Жетісу облысында пайдаланылмаған жүз мың гектар жердің жартысы мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында пайдаланылмаған жүз мың гектар жердің жартысы мемлекетке қайтарылды
Талдықорған. 20 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесу барысында аграршылар арасында қайтарылған жерлерді әділ бөлудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Жетісу өлкесінің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті өте зор. Табиғаты – жайлы, жері – құнарлы. Мұнда жер де, су да жетеді. Тек оны тиімді пайдалану керек. Менің тапсырмам бойынша, Үкімет биыл 5 миллион гектарға жуық бос жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Біз осылай ауылдардың маңындағы жер тапшылығы мәселесін шешеміз. Қайтарылған жер жергілікті шаруаларға әділ бөлініп берілуге тиіс. Бұл әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болады", - деді Тоқаев кездесу барысында.

 
Оның айтуынша, бүгінде Жетісу облысы бойынша 100 мың гектардан астам игерілмей жатқан жер анықталды. Соның жартысы мемлекет меншігіне қайтарылды.
 

Жер – халықтың байлығы. Ол барлық азаматтың игілігіне жарауы керек. Әкімдер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы қажет", - деп атап өтті ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны