11.08.2022, 17:55 20121
Жыл басынан бері ҚР бюджетіне интернет арқылы қызмет көрсету үшін 3 миллиард теңгеден астам салық түсті
Достарға айту
Қазіргі кезде еліміздің азаматтарына тауар өткізіп, қызмет көрсетіп жатқан 30-дан астам компания тіркелді. Аталған салық нормасы бойынша бірінші тоқсанда 2,6 млрд теңге төленді. Ал биылдың 8 айында бюджетке 3 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Екінші тоқсан бойынша салық төлейтіндер 25 тамызға дейін рәсімдерді жүргізе алады. Бұл салықты тек шетел компаниялары төлейді. Ал Қазақстан азаматтары осы салықты төлемейді", - деді Н. Қуандықов онлайн брифинг барысында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің Қазақстан аумағында орналасқан жеке тұлғаларға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енді (Google салығы).
Ұлттық экономика министрлігінен мәлім еткендей, қызметтері мен тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне ҚҚС төлеуге міндетті болады.
Айта кетейік, ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12% құрайды. Мұның қазақстандық салық төлеушілерге қатысы жоқ.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.12.2025, 18:10 11821
БҰҰ ЭСКАТО: Қазақстан 2025 жылы Солтүстік және Орталық Азия өңірінде жаңа жобаларға инвестиция тарту бойынша көшбасшы
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) өңір елдеріндегі тікелей шетелдік инвестицияларды тарту динамикасына арналған Asia-Pacific Trade and Investment Trends 2025/2026 есебін жариялады, деп хабарлайды "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы.
Есепке сәйкес, Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік және Орталық Азия өңірінде жаңа (greenfield) жобаларға инвестиция тарту бойынша ең ірі алушы болып, шамамен 19 млрд АҚШ долларын тартты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 266% артық.
Солтүстік және Орталық Азиядағы субөңірішілік инвестициялардың шамамен 89%-ы Қазақстанға тиесілі болды, бұл елдің өңірдегі сөзсіз көшбасшылығын қамтамасыз етті.
Солтүстік және Орталық Азия өңірі 2025 жылы жаңа жобаларға инвестиция көлемінің өсуі тіркелген Азия-Тынық мұхиты кеңістігіндегі жалғыз субөңір болғаны аталып өтті, бұл ретте жаһандық инвестициялық белсенділік жалпы төмендеген. Бұл өсімнің негізгі драйвері дәл Қазақстан болды.
Есепте Қазақстан өңірдегі бірқатар ең ірі инвестициялық жобаларды тартқаны баяндалды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, жаңа буын металлургиясы, жаңартылатын энергетика және "жасыл" технологиялар салаларындағы ауқымды бастамалар бар.
Инвесторлардың мынадай бағыттарға қызығушылығының өсіп келе жатқаны бөлек көрсетілді:
• жасыл энергетика және сутек экономикасы;
• өнеркәсіптік қайта өңдеуді дамыту;
• экспортқа және қосылған құнның халықаралық тізбектеріне бағдарланған жобалар.
Жаһандық экономикалық белгісіздік жағдайында инвесторлар инвестициялық шешімдер қабылдауға барынша салмақты түрде қарай бастады, нарықтардың ұзақ мерзімді тұрақтылығына, институционалдық ортаның сапасына және жобаларды сүйемелдеудегі мемлекеттік органдар мен инвестициялық агенттіктердің рөліне ерекше мән беруде. Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан ірі халықаралық компанияларды тарта отырып және ұзақ мерзімді тұрақты өсім үшін негіз қалыптастыра отырып, Еуразияның негізгі инвестициялық хабтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда", - деп атап өтті ЭСКАТО сарапшылары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 17:40 1621
Роман Скляр MCC International Engineering Group директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанаға қытайлық компания делегациясын бастап келген Қытайдың MCC International Engineering Group Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чжу Сяофеймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ қытайлық инжиниринг компаниясының Қазақстан аумағындағы ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Роман Скляр MCCI компаниясының жобалаудан бастап жабдықтарды жеткізуге, құрылыс жүргізуге және объектілерді пайдалануға беруге дейінгі жобаларды толық циклде жүзеге асырудағы елеулі халықаралық тәжірибесін атап өтті. Мұндай тәжірибе өндірістік қуаттарды жаңғырту және шикізат базасын дамыту жағдайында қазақстандық өнеркәсіп компаниялары үшін практикалық тұрғыдан аса маңызды.
Келіссөздер барысында Атасу ауданында темір және марганец кенін өңдейтін байыту фабрикасын салу жобасына ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы бұл жобаны тау-кен саласын дамытудың және ел ішінде қосылған құнды арттырудың стратегиялық маңызды элементі ретінде қарастырады.
Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің жобаны қажетті ведомствоаралық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге және оны жүзеге асыруға байланысты мәселелерді жедел шешуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар MCC International Engineering Group компаниясының жобаны пысықтауға нақты қатысуы, бірлескен жұмыс тобын құру және ынтымақтастық параметрлерін айқындайтын жол картасын әзірлеу мерзімдерін келісу жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ перспективалы тау-кен байыту жобалары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 16:27 1876
Үкіметте 2026 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамы қаралды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкіметте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен ЖІӨ өсу параметрлері талқыланды. Алдағы жылы өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, сауда салалары, өнімдер мен сусындар өндірісі экономикалық өсуге негізгі үлес қосуы тиіс, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы қорытынды бойынша нақты көлем индексі (НКИ) 6% деңгейінде өсуі мүмкін. 2026 жылы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде нысаналы көрсеткіш 6,2% деңгейінде болады деп белгіленді.
Өңдеу саласының негізгі драйвері саналатын металлургияда өндірістің өсуі 2026 жылы 3% деңгейінде жоспарланып отыр. Өнім көлемі, ең алдымен, биыл және былтырлары іске қосылған Kyzyl Aray Copper, EkibastuzFerroAlloyse, Kazferrolimited, Shagala Mining және тағы да басқа зауыттардың жобалық қуатының артуы есебінен ұлғаяды. Қара металлургияда ферроқорытпа, болат, жалпақтап жаймаланған темір мен шойын өндірісін, түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий, мырыш өндірісін ұлғайту жоспарлануда.
Машина жасауда 2026 жылғы жоспарлы өсу көрсеткіші 13,4% деңгейінде белгіленді. Бұл көрсеткішке биыл іске қосылған "Astana Motors Manufacturing Kazakhstan" ЖШС және "KIA Qazaqstan" ЖШС арқылы жеңіл автомобиль өндіру көлемін 17%-ға ұлғайту есебінен қол жеткізілмек. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы техникасын шығару 5%-ға өседі деп жоспарланған.
Бір айта кететіні, 2025 жылдың қорытындысында 436,5 мың бірлік тұрмыстық техника шығарылмақ. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Теледидар, кір жуғыш машина, плита пеш және тағыда басқа тұрмыстық техниканы Қазақстанда ""SILK ROAD ELECTRONICS" ЖШС, "АЛМАТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА ЗАУЫТЫ" ЖШС және "DS Multimedia CA" ЖШС шығарады. 2026 жылы тұрмыстық техниканы 2025 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп өндіру жоспарлануда.
2026 жылы химия өнеркәсібі өндірісінің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтілуде. Ол күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шыны секілді жаңа қуаттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Құрылыс материалын өндіруде биыл отандық тауар өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-ға жетті. 2026 жылы бұл секторда НКИ 6%-ға өсуі ықтимал. Портландцемент, керамикалық тақтайша, темірбетон мен тауарлық бетон өндірісі драйверге айналады. Резервтер арасында Шымкенттегі керамикалық тақтайша шығаратын жаңа зауыт пен цемент зауыты бар. 2025 жылы цемент өндірісі рекордтық көлемде өседі. 2026 жылы кәсіпорындар жобалық қуатына шыққан сайын өсу де жалғасады.
Сауда саласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы номиналдық мәнде 108,9%-ға дейін өспек. Бұл шамамен 80,3 трлн теңге (+14,6%). 2026 жылғы нысаналы көрсеткіш 106,5% өсіммен 92,4 трлн теңгені құрайды.
Өсім мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемін сақтау, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қайта өңдеудің ауқымды бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ Қытай бағытын қоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағдарланған төрт ірі B2B алаңының жұмысын толықтай бастау арқылы жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығында 2026 жылы азық-түлік және сусын өндірісінде жоғары өсім болуы мүмкін. Ол тиісінше 109% және 109,3%-ды құрамақ.
Кеңес соңында вице-премьер орталық мемлекеттік органдарға өнеркәсіптік өсудің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізіп, негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін, қосымша резервтерді пысықтап, ауыл шаруашылығында, сауда мен көлікте тұрақты өсу серпінін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, салаларды дамытудың жол картасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 18:52 27791
Түркияның ірі инвесторлары Қазақстандағы жобаларын сәтті жүзеге асыруды жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшісі Еркебұлан Сәпиев және Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстанда жұмыс істейтін жетекші түрік компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Астанада бидай мен бұршақты терең өңдеу жобасын жүзеге асыра бастаған Tiryaki Holding, Алматыда фармацевтикалық өндіріс жобасының екінші кезеңін жүзеге асырып жатқан Nobel Pharmaceuticals; Үлкен Алматы айналма жолының (ҮАААЖ) құрылысын сәтті аяқтаған Makyol Holding, Алматы халықаралық әуежайын кеңейту және жаңғырту жобасымен айналысып жатқан TAV Havalimanları Holding, Қазақстандағы киім дүкендері желісінің иесі Koton және Қостанай облысында астық өңдеу жобасын жүзеге асыратын Çalık Holding, сондай-ақ Қазақстанда мыс кен орындарын игеру жобаларын қарастырып жатқан бірқатар әлеуетті инвесторлармен мазмұнды келіссөздер жүргізілді.
Кездесулер барысында тараптар қолданыстағы инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы мен ілгерілеуін, сондай-ақ Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларындағы жаңа бастамалардың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, аталған Холдинг басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметіне қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдауға бағытталған саясаты үшін алғыс білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 13:38 28056
Қазақстан мен Таиланд өңірлері сауда, туризм және цифрлық даму салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Таиланд өңірлерімен ынтымақтастықты орнату және дамыту аясында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Чонбури провинциясының губернаторы Нират Пхонгситтхаворнмен, сондай-ақ Паттайя қаласының мэрі Порамет Нгампичетмен кездесулер өткізді. Кездесулерге сауда-экономикалық, білім беру, мәдениет және туризм салаларына жауапты жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында М. Баймұхан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы тай тарапына жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар Қазақстан мен Таиланд арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары таныстырылды.
Сапар аясында тай тарапы Чонбури провинциясы мен Паттайя қаласының индустриялық, көлік-логистикалық және туристік әлеуетін таныстырды. Паттайя қаласының мэрі П.Нгампичет ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде шетелдік туристерді тарту, қонақүй және қалалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды жолға қоюды атап өтті.
Өз кезегінде Чонбури провинциясының губернаторы Н. Пхонгситтхаворн өңірдің дамуының негізгі қозғаушы күштері Таиландтың Шығыс экономикалық дәлізінің (Eastern Economic Corridor, EEC) бір бөлігі ретінде автокомпоненттер өндірісі, агроөнеркәсіптік өнімдер, жоғары қосылған құны бар тауарлар, сондай-ақ заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту екенін атап өтті. Халықаралық "Утапао" әуежайын кеңейту және Таиландтың шығыс жағалауында орналасқан, елдегі ең ірі әрі стратегиялық маңызы бар терең су порты - "Лаем Чабанг" портын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Чонбури провинциясының аумағында қазіргі уақытта экспортқа бағытталған 4000-нан астам өндірістік кәсіпорын мен 12 индустриялық аймақ жұмыс істейтіні аталып өтті. Лаем Чабанг портының көлік-логистикалық қуаттарын кеңейту 2028 жылға қарай аяқталады деп жоспарлануда. Осыған байланысты губернатор қазақстандық салалық компанияларды бірлескен жобаларға қатысуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға шақырды.
Өз кезегінде қазақ дипломаты Чонбури провинциясы мен Паттайя қаласының басшылығын бизнес-делегациямен Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ Қазақстандағы цифрландыру деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, жасанды интеллект және цифрлық даму салаларында бірлескен жобаларды дамытуға ұсыныс білдірді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасында цифрландыру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға негізделген қажетті құқықтық база бар екені айтылды.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар нақты екіжақты жобаларды өзара тиімді негізде ілгерілету мақсатында Қазақстан Елшілігі мен Таиланд өңірлері арасында тікелей байланыстарды қолдауға уағдаласты.
Чонбури провинциясы - Таиландтың шығыс жағалауында орналасқан, елдегі экономикалық тұрғыдан ең дамыған өңірлердің бірі. Провинция Шығыс экономикалық дәліздің (EEC) негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және өнеркәсіптік өндіріс, автомобиль жасау және автокомпоненттер шығару, агроөнеркәсіп, мұнай-химия, логистика және экспортқа бағдарланған салаларға маманданған. Мұнда Таиландтағы ең ірі Лаем Чабанг порты және өңірдің мультимодальды көлік байланысын қамтамасыз ететін "Утапао" халықаралық әуежайы орналасқан.
Паттайя қаласы ерекше әкімшілік мәртебеге ие Таиландтың жетекші қалаларының бірі. Халықаралық туризмнен бөлек, қала MICE-индустриясын (іскерлік туризм, халықаралық көрмелер мен конференциялар), теңіз логистикасын, спорттық инфрақұрылымды, цифрлық және "ақылды қала" шешімдерін белсенді дамытып келеді. Паттайя Таиландтың шығыс жағалауын орнықты дамыту стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 21:22 14406
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді: экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі одан әрі шаралар қаралды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Отырысқа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттіктерінің басшылығы және тағы басқалар қатысты.
2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсуі 6,4%-ды құрады. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру мақсатында Президент тапсырмасы бойынша әзірленген Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған халықтың әл-ауқатын тұрақтандыру және арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жүргізіліп жатқан бюджеттік-салықтық реформалар фискалдық саясатты жаңғыртуға және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді кешенді түрде төмендетуге бағытталған.
Сондай-ақ жиында 2026 жылдың негізгі сыртқы және ішкі сын-қатерлері қаралды, жаһандық экономикадағы өсімнің баяулауы туралы болжамдар бар трендтер ұсынылды.
Кеңес мүшелері экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, өнімді жұмыс орындарын құру және медиандық жалақы мөлшерін арттыру бойынша алдағы шараларды талқылады. Нарықты отандық тауарлармен толықтыруға бағытталған импортты алмастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде "Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасы халықтың табысын қолдауға ықпал етпек.
Қазақстандық өнімдердің сапасын жақсарту және заманауи технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтарға дайын өнім экспортын ұлғайта отырып, шикізат экспортынан жоспарлы түрде бас тартып жатыр, бұл өз кезегінде әртараптандырылған құрылымның қалыптасқанын айғақтайды.
Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы жеке инвестициялардың үлесін арттыруға назар аударылды. Экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы екінші деңгейлі банктердің рөлін арттыру және шетелдік инвестицияларды мультипликативтік әсері бар ірі жобаларға бағдарлау қажеттігі атап өтілді.
Премьер-министр инфляция деңгейін төмендету міндетіне басымдық берілетінін атап өтті. Бұл жерде мәселе азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, қызметтер бағасының тұрақты төмендеуі туралы болып отыр.
Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, еліміздің экономикасы даму үстінде. Құрылымдары бойынша қарасақ, өңдеу, құрылыс, сауда және көлік саласы өсуде. Яғни, өсім тең жағдайда жүріп жатыр. Біз инфляция бойынша төмендеу үрдісін көріп отырмыз. Бағытымыз - инфляцияны төмендету бойынша алдымызға қойылған міндеттерді сапалы орындау", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктерімен бірлесіп, экономикалық ахуалға мониторинг жүргізу және ықтимал тәуекелдердің алдын алу жөнінде келісілген іс-қимылдарды жедел жүзеге асыру тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 17:18 13201
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Отырыс барысында "Қазақстан фарммединдустрия" фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов шикізат пен субстанциялардан дайын дәрі-дәрмек, медициналық бұйым, қызметке дейінгі тізбектің барлық кезеңінде денсаулық сақтау саласына бірыңғай 5% ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ол 2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болатынын атап өтті:
- шикізат пен жабдық - 16% ҚҚС;
- ТМККК және МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек - 0%;
- дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар импорты және өткізу - 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.
Саладағы мұндай үлгі отандық препараттардың әкімшілік шығыны мен құнын арттырады. 5% ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі әкімшілендіруді жеңілдетуге, тең бәсекелестік жағдайына және бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізудің алғашқы нәтижесі белгілі болған соң, 2026 жылғы екінші жартыжылдықта бұл мәселені қайта қарауды ұсынды.
Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары тізбесін кеңейту, оның шағын және бөлшек бизнес қызметіне, сондай-ақ импорттық өнім бағасына әсерін талқылады. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті бизнестің бірқатар ұсынысын ескергені атап өтілді. Олар - логистика мен сақтауға жұмсалатын шығыстар шегерімге енгізіліп, ӘМАТ-тағы жаңа позициялар тізбесі қысқартылды. Мал шаруашылығын дамыту, мұнай сервистік компанияларда жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібіндегі тариф белгілеуде сараланған тәсіл енгізу мүмкіндігі өз алдына бөлек қарастырылды.
Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайтыны туралы шешім қабылданды. Барлық айтылған ұсыныс, проблемалық мәселе түйінделіп, мүдделі мемлекеттік органдардың, "Аманат" партиясы мен "Атамекен" ҰКП-ның қатысуымен одан әрі пысықтауға Үкіметтің бақылауына алынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 15:20 14561
Олжас Бектенов арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиынға қаржы, өнеркәсіп және құрылыс министрлері, "Бәйтерек" холдингі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының басшылығы қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда 17 арнайы экономикалық және 66 индустриялық аймақ жұмыс істейді, онда жеке инвестиция көлемі 5,7 трлн теңгеден асатын және 57,2 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 860 жоба жүзеге асырылды.
Өнеркәсіп алаңдарының инвестициялық тартымдылығын айқындау кезінде инфрақұрылымның дайындығы маңызды мәселе болып отырғаны атап өтілді. Осыған байланысты қосымша инфрақұрылымның, оның ішінде қосалқы стансалар мен көлік желілерінің құрылысы белсенді түрде жүзеге асуда.
Үкімет республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты қоса алғанда, бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша шаралар қабылдауда.
2030 жылға дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы АЭА және ИА аумақтарында шамамен 200-ден астам жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және өңдеу өнеркәсібінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде 2025-2029 жылдар аралығында 140 жоба пайдалануға берілмек.
Тұтастай алғанда, осы жобаларды жүзеге асыру өңдеу саласының жалпы қосылған құнын ұлғайту арқылы Қазақстан экономикасына үлес қоспақ.
Премьер-министр Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы министрліктеріне 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін "Бәйтерек" холдингіне қаржыландыру көздері бойынша түпкілікті шешімді беруді және АЭА мен ИА-ға қажетті инфрақұрылымды жүргізу жобаларын жүзеге асыруға дереу кірісуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.12.2025, 10:14Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті 30.12.2025, 15:17 2586Қазақстан Израильмен өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда
23.12.2025, 20:50 102616Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 21:59 82441Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті23.12.2025, 19:29 77096Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады25.12.2025, 16:25 62096Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда25.12.2025, 15:23 57261Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының жылдық қорытындылары талқыланды
17.12.2025, 17:47 231851Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227371Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225656Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222656Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213641Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

