08.06.2026, 16:34 226

Алматы қаласындағы The Spirit of Tengri фестивалі

7 маусым күні Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтті. Орталық Азиядағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі тағы да музыканттар, қолөнершілер, суретшілер мен ондаған мың көрерменді бір арнаға тоғыстырып, мәдени диалог пен шығармашылық тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестиваль өткен күні іс-шараға шамамен 50 мың адам келген. Қонақтар үшін концерттік алаң, Ethno Market қолөнершілер жәрмеңкесі, демалыс аймақтары, фудкорт, интерактивті және арт-кеңістіктер жұмыс істеді.

2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! Best Experience Marketing Awards сыйлығының "Халықаралық фестиваль" номинациясында бірінші орын алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны