06.01.2023, 11:19 33521

Риддерде ЖЭО-дағы сорғы станциясы жөнделді

Апат үшін кінә станция басшылығына жүктелді
Риддер. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Риддерде 4 қаңтарда істен шыққан ЖЭО-дағы сорғы станциясы жөнделді.
 
Шығыстың Риддер қаласында жағдай тұрақталды. Жылу электр орталығындағы ақау жөнделді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
 
Оның айтуынша, күрделі шаралар қолға алынды. Апаттың нақты себебі аталмады. Жергілікті билік бұл жағдайға станция басшылығын кінәлады.

 
Еске салсақ, 4-ші қаңтарда Риддердегі жылу электр орталығындағы апаттан құрылғылар істен шығып, салдарынан 22 мың тұрғын жылусыз қалған болатын.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны