09.11.2021, 19:15 56125

Алматыда 18 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Алматыда 18 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды
Сурет: ашық көздерден
АЛМАТЫ. 9 ҚАРАША - Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікке ілінген жігіт ұсталды.
 
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, қамауға алынды.
 

С. есімді күдікті Алматы қаласының маңында ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

 
Еске салайық, бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.
 

Алматыда Достық, 138, "Латифа" тұрғын үй кешенінде қызды өлтірді. Алдымен буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген. Бұл туралы үндемей қалмаңыз! Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр", - делінген жазбада.

 
Полиция департаменті жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқан болатын. 

Белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан сәл бұрын жәбірленуші көмек сұрап хабарламалар жіберген.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны