19.05.2022, 16:39 15491

Алматыдағы арнайы операция: кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған азамат ұсталды

Алматыдағы арнайы операция: кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған азамат ұсталды
Сурет: Polisia_kz
АЛМАТЫ. 19 МАМЫР - Алматыда 41 жастағы ер адам кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған. 
 
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бейтаныс ер адам кәсіпкерді қорқытып, одан 260 мың доллар алмақ болған. 
 

Аталған дерек жедел және арнайы іс-шаралар барысында расталды. 1981 жылы туған Н. есімді азамат физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап еткен. Полицияның арнайы жасақтарының қатысуымен өткізілген арнайы шара нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. 

 
Полиция өкілінің айтуынша, күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қамауға алынды.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны