07.04.2023, 11:40 21596

Мәжілісмен Дайрабаевтың ұлдары 550 млн теңге субсидия ұрлау туралы іс бойынша сотталды

Мәжілісмен Дайрабаевтың ұлдары 550 млн теңге субсидия ұрлау туралы іс бойынша сотталды
Сурет: pexels.com
Олар бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды

Тараз. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Тараз қаласының №2 соты алаяқтық, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену (ҚК 190-б. 4-б. 2т.) бойынша айыпталған 4 тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарады.
 

К., "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары бола отырып, сондай-ақ кәсіпкерлер Е., Д. және М. субсидиялау қағидаларын бұза отырып, сатып алынған "Альбион" құлпынай көшеттері үшін (оларды шаруа қожалықтарына рәсімдеп) мемлекеттік субсидиялар алған, олардың бір бөлігі алаяқтық жолымен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған, осылайша мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келтірген", - делінген Жамбыл облысы соттарының Facebook парақшасында.

 
Сотталушылар кінәлерін мойындамай, ақтауды сұрады.
 
Қазақстандық БАҚ-тың мәліметінше, сотталғандардың екеуі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары. Сот үкімімен олар бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
 
Іс бойынша тағы екі айыпталушы нақты түрме жазасын алды.
 

Сот үкімімен К. кінәлі деп танылып, қылмыстардың жиынтығы бойынша оған түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Е.-ге мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады сотта.

 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа Қаржы министрлігінен 10 млн теңге өндіріп алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны