06.08.2021, 22:12 10013

Арыс қаласында фосфор тиелген вагондар өртенді

ТҮРКІСТАН. 6 ТАМЫЗ - Арыс қаласында фосфор тиелген контейнерлер жанып, түтіннің жолындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде.
 
Төтенше оқиғаның мән-жайын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-парақшасында түсіндіріп жазды. 
 

Бүгін, кешкі сағат алты жарым шамасында Арыс станциясында Жамбыл облысынан Ресейге фосфор тиеп жөнелтілген екі контейнер отқа оранды. Аудан мен облыстың барлық төтенше күштері жұмылдырылды. Мұндай өртті қалай сөндіру керектігін мамандар жақсы біледі. Алайда, сары фосфор өте ұзақ уақыт жанып жатып алады және түтіні қою болады. Желдің бағыты өзгерген жағдайда, тұйыққа жақын орналасқан шағын аудан тұрғындарының денсаулығына зиян келмес үшін аудан әкімдігі халықты қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Көшірілген тұрғындардың бәрі қала мектептерінің бірінде түнейді. Олар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Жағдай бақылауда. Мен өзім оқиға орнына шықтым", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары. 

 
Бұған дейін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, өрт басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Отқан оранған вагон пойыздан ажыратылып, теміржол торабынан шеткері шығарылған.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны