16.09.2021, 17:44 7866

Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 ҚЫРКҮЙЕК - Алматы облысында парашютпен секіруді орындау кезінде әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы оқу-жаттығу секірулерін орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, 1990 жылы туған "капитан" әскери атағындағы офицер қаза тапты", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

 
Ведомство басқа жеке мәліметтер туыстарының өтініші бойынша жария етілмегенін атап өтті.
 
Бұған дейін әскери қызметші 50-ге жуық парашютпен секірген, штаттан тыс құтқару парашют-десант тобының құрамына кірген.
 

Өлімнің себептері мен мән-жайлары анықталуда. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің отбасына көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдайды", - деп толықтырды Қорғаныс министрлігінде.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны