27.09.2021, 19:29 23301

Жүк ұшағы Алматыда шұғыл қонды

Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақыт бойынша 21:12 қалыпты режимде өтті.
АЛМАТЫ. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Түркияның жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды.
 
Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын мәлім етті.
 

Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақыт бойынша 21:12 қалыпты режимде өтті", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі. 

 
Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға бет алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Атырауда апатты жағдайда қонды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны