12.05.2022, 14:53 17236

Алматы облысында келінін қорғаған зейнеткер өз ұлын өлтірді

Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 МАМЫР - Алматы облысының полицейлері өзінің ересек ұлын өлтірді деген күдікпен 69 жастағы зейнеткерді ұстап, қамаққа алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Аталған дерек 7 мамырда Қаратал ауданы Дойыншы ауылындағы жеке үйлердің бірінде орын алғаны анықталды. 42 жастағы ер адам оқиға орнында табылған пышақ соққысынан қайтыс болғаны анықталды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
Полицияның мәліметінше, күдікті зейнеткер кіші ұлының үйінен табылып, ұсталып, қамауға алынды.
 

Ұсталған күдікті кісі өлтіргенін толық мойындады. Өз айғақтарында ол ұлына отбасылық мәселелерді талқылауға келгенін түсіндірді. Қонақта болған кезде қарт адам кездейсоқ ұлының әйелімен жанжалына куә болып, келінін қорғауға тырысқанын жеткізді. Содан кейін қаза болған азамат өзінің әкесіне жұдырық алып жүгірген, сол уақытта қолына асханалық пышақ алып соққы жасағанын айтты", - деп хабарлады Қаратал аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Рауан Әбдірайымов.

 
Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыс құралы айғақ зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны