02.11.2022, 18:18 17566
Қазақстанда жыл басынан бері қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін 100 қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Рolisia.kz
Достарға айту
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда тоғыз айда "Қасақана жалған ақпарат тарату" бабы бойынша 100 сотқа дейінгі тергеу тіркелді, деп хабарлады бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында.
Оның ішінде 7 іс сотқа жіберіліп, 46 іс тоқтатылды (қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты), 28 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген (қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмаған - 20 іс, күдікті, айыпталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болуына орай - 2 іс, сараптамаға байланысты - 6 іс), 19 іс тергелуде", - деді Берік Асылов.
Сондай-ақ ол ағымдағы жылдың 7 қазанында Бас Прокурордың бірінші орынбасары ведомствоаралық кеңес өткізіп, онда қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету, оның ішінде жоғарыда көрсетілген санаттағы қылмыстардың (ҚК-нің 274-бабы) профилактикасы жəне алдын алу жөніндегі жұмыстардың жай-күйі мəселелері талқыланғанын хабарлады
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда жəне бақылауда", - деп сендірді Бас прокурор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.12.2025, 12:02 80231
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам көз жұмды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болды, деп хабарлайды Inform.kz.
Ұлғайсын ауылы маңындағы жол апатынан 5 жолаушы көз жұмды.
- Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылды. Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген 15 жолаушының 13-і дәрігерлерге қаралған соң жіберілді. Оларда жеңіл жарақат бар. Біреуіне гипс салынды. Ал екі адам қазір ауруханада жатыр. Бір науқасқа ота жасалып, сынық таңылды. Екіншісі жабық бас-ми жарақатын алған.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 10:33 80631
Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Елордада Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана өртеніп, салдарынан жүк көлігіне дезақым келді, деп хабарлайды Inform.kz.
Ведомство мәліметінше, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
- Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана мен сыртқы қаптамасы өртенген. Жылу әсерінен жанында тұрған жүк автокөлігіне зақым келді, - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.10.2025, 21:29 185061
Ақтөбе облысындағы жол-көлік апаты: Қанат Бозымбаев Үкіметтік комиссияға тапсырма берді
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағында болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырмалар берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазіргі жағдай туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов баяндады.
Алты адам Ақтөбе облысы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адамның жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа. Қанат Бозымбаев Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық авиация арқылы тасымалдауға болатын барлық зардап шеккендерді Астанаға жеткізіп, қажетті ем ұйымдастыруды тапсырды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Ақтөбе облысының әкіміне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетуді тапсырды.
Жол-көлік оқиғасының себептерін жан-жақты тергеумен Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы айналысуда, қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі мен Көлік министрлігіне вице-премьер "Самара - Шымкент" трассасының қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Айта кетейік, 23 қазан күні сағат 08:40-та республикалық маңызы бар "Самара - Шымкент" автожолының 927-шақырымында Өзбекстан азаматы басқарған "DAF" жүк көлігі Хромтаудан Қарабұтақ бағытына қарай шыққан кезде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан "Газель" жолаушылар көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері мен Ақтөбе облысының он тұрғыны (оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала) оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.10.2025, 15:17 187631
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2025, 12:51 221796
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты
Достарға айту
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ адам соққыға жықты. Жазатайым жайт түн ортасында мегаполистегі дәмханалардың бірінде болған. "Күдіктілер 35-40 жас арасындағы атбалдай азаматтар", - дейді жәбірленушінің анасы. Жас жігіт алғашқы соққылардан кейін бірден есін жоғалтқан көрінеді. Бірақ қаскөйлер соған қарамастан ұруды жалғастыра беріпті. Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер ащы суға тойып алған. Досы екеуін жұдырықтың астына алған адам көлікке мініп, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген көрінеді, деп хабарлайды Astana TV.
МАРЖАН БОТБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
Үлкен еркектер, бәрі семейный деп естідім. Солар нападать етіп, бірінші менің баламның досына тиіседі. Артынан балам келеді, не болды деген кезде, мама 15 секунд өткен жоқ қалай құлағанымды білмеймін, удар болды дейді. Мына жағынан удар болған, мына сүйегі сынған. Көз көрінбейді. Мұрны ішке кіріп кеткен баланың, балада сотрясение.
Жәбірленуші нейрохирургия бөлімінде 10 күн ем алады. Алмалы аудандық полиция бөлімі денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, оның қызы бар, ері бар деген сияқты. Жанжалдың неден туындағанын анықтау үстіндеміз. Алдын ала мәлімет бойынша сөзге келіспеген жас адамдар жұдырық ала жүгірді. Қазіргі таңда барлық азаматтар ұсталып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2025, 15:30 264061
Мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады
Достарға айту
17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Inform.kz.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі",- делінген ресми хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2025, 10:56 264306
Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер тұрғындары зардап шекті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылды.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады.
Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталады.
Осындай барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2025, 14:01 276251
Алматы облысындағы ҚТҚ полигонындағы жануды сөндіру жұмыстары жүргізілуде
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Алатау қ. Әли ауылының маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыстың жануы орын алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖД, ЖАО, ПД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.12.2025, 10:14Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті 29.12.2025, 21:42 81506Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде29.12.2025, 19:40 78171Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады29.12.2025, 09:02 718812026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі29.12.2025, 18:13 70526Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
17.12.2025, 17:47 231936Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227461Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225741Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222751Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213726Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

