18.11.2022, 15:39 12506

Ақмола облысындағы мектептің жанында жылыту қазандығы жарылды

Ақмола облысындағы мектептің жанында жылыту қазандығы жарылды
Сурет: Ақмола облысының ТЖД
Астана. 18 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ақмола облысындағы мектептің жанында жылыту қазандығы жарылды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
 

Аршалы ауданы Аршалы кентінде Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектебінің бөлек тұрған ғимаратында қатты отынмен жұмыс істейтін бумен жылыту қазандығы жарылып, 90 шаршы метр алаңда құрылыс қондырғылары бұзылды, өрттің одан әрі жануы орын алған жоқ", - деп хабарлады Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

 
Қазандықтың жарылуы және құлауы нәтижесінде мектептің үш жұмысшысы ауруханаға жеткізілді, оның біреуі құтқарушылар күшімен құтқарылған болатын. Зардап шеккендердің денсаулық жағдайлары тексерілуде.
 
Мектептің барлық оқушылары дереу эвакуацияландырылды. Бүгінгі күні мектеп қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
 

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеевтің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Туындаған төтенше жағдай салдарын жойып, жылу беру жұмыстарын қалпына келтіруге барлық қызметтер тартылды және жедел шаралар қолдануда. Балалар мен мұғалімдердің арасында зардап шеккендер жоқ. Өңірде мектептердегі барлық қазандықтар тексерілетін болады. Үш ересек адамға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Тексеруден кейін орын алған олқылықтарға жауаптылар жауап береді", - деді Ақмола облысының білім басқармасынан.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Шторм

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны