02.12.2022, 18:28 9736

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлап, адам қаза тапты

Қазіргі уақытта мән-жай анықталуда
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлап, адам қаза тапты
Алматы. 2 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 30 қарашада Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, адам қаза тапты.
 
Полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеуді бастады.
 
Іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу).
 
Фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеруде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 14 мыңға жуық үй заңсыз салынған.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны