14.03.2023, 11:48 27911

Қазақстанға бес килограмнан астам героин кіргізуге тырысты

Есірткі шетелдік басқарған көліктің жанармай құятын бөлігінде табылды
Қазақстанға бес килограмнан астам героин кіргізуге тырысты
Сурет: gov.kz
Түркістан. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстан Республикасына кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының "Жібек жолы" өткізу пунктінде шекара наряды шетелдіктің басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Аталған көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі", - деді ҰҚК баспасөз қызметінде.


gov.kz

Аталған факт бойынша материал ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

gov.kz

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында төрт есірткі контрабандашысы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны