08.09.2021, 20:29 11519
Адамды құтқаруға тырысқан Ресей ТЖМ басшысы жаттығу кезінде қайтыс болды
Достарға айту
Ведомствоның ақпараты бойынша, Зиничев өзінің қызметтік парызын орындап, адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан.
Министр Норильскте Арктика аумағын төтенше жағдайлардан қорғау бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуда болған.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.10.2023, 17:08 4591
Атыраулық жекеменшік спорт клубының тәрбиеленушісі Алматыда қаза тапты
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Қайғылы оқиға бүгін түстен кейін жазатайым оқиға салдарынан болды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бейресми ақпарат көздерінің мәліметіне сәйкес, бір топ бала жекеменшік спорт клубының жаттықтырушысымен бірге Атыраудан Алматыға ARLAN GRIP KUZ OPEN (AIGA) халықаралық турниріне AIGA грэпплинг спорттық жекпе-жек түрі бойынша қатысуға барған.
Бүгін, 30 қыркүйек күні таңертең "Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы 12-14 жастағы жасөспірімдерді жарысқа алып кеткен. Атыраулық спортшылар тоқтаған тұрғылықты жерде бір топ бала қалады. Спортшылардың бесеуі дүкенге сұранып шығып, олармен бірге алты жасар И.Ж., да кетеді. Өкінішке қарай, ол қайғылы оқиғаға ұшырап, қаза тапты. Жекеменшік спорт клубының "Жұмыскер" шағынауданында орналасқаны анықталды.
Алматыда болған төтенше жағдай туралы құқық қорғау органдары хабардар етілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.10.2023, 15:49 4991
Жетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Жетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы екі тәулікте Жетісу облысының автожолдарында ауыр зардаптарға әкеп соққан 5 жол апаты болды. Үш жол апатында 5 адам қаза тауып, екі жол апатында 2 бала зардап шекті. 1 қазан күні Панфилов ауданында Алмалы ауылының 43 және 41 жастағы екі тұрғын мопедмен электр бағанасына соқтығысып, қайтыс болды.
Сондай-ақ 2 қазанға қараған түні Талдықорған маңында 36 және 32 жастағы екі ер адам Toyota Сamry көлігімен жол жиегіндегі ағашқа соғылып, қаза тапты. Дәл осындай жол-көлік оқиғасы Fiat Croma көлігінің қатысуымен Көксу ауданында болды, Балпық би - Қаратал тас жолының 2-шақырымында жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел қаза тапты. Ақсу және Көксу аудандарында кәмелетке толмағандар зардап шеккен тағы екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 9 және 16 жастағы мектеп оқушыларын көлік қағып кеткен. Екі жасөспірім де жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материалдарды жинай отырып, әр жол-көлік оқиғасы мұқият зерттеледі.
Болған оқиғаны қатаң талдап, барлық жағдайлар мен себептер анықталатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.09.2023, 17:35 13076
АЭХА Қазақстан бастамасымен көтерілген елдердің егемендік теңдігі туралы қарарды қабылдады
Словенияның төрағалығымен құрылатын "Достар тобы" шеңберінде одан әрі жұмысты құруға негіз ретінде Бас конференцияның қарарына енгізілді
Достарға айту
Венада өтіп жатқан АЭХА Бас конференциясының 67-сессиясы шеңберінде "АЭХА-дағы мүше-мемлекеттердің егеменді теңдігін қалпына келтіру туралы" қазақстандық қарар басым көпшілік дауыспен қабылданды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қарар мүше мемлекеттердің агенттіктің басшы органдарында (өңірлік топтарда, бас директивалық органдарда), сондай-ақ Агенттіктің тиісті консультативтік процестерінде тең өкілдік ету проблемасын шешуге бағытталған.
Сондай-ақ, АЭХА Бас конференциясының қарары мүше-мемлекеттерді Басқарушылар Кеңесі қатысушыларының құрамын кеңейту және географиялық өңірлер бойынша мүшелер тізімін қабылдауды көздейтін Агенттік жарғысының 6-бабына түзетуді тезірек ратификациялауға шақырады. Қазақстан бұл түзетуді 2019 жылы ратификациялады.
Қазақстан Агенттікте егеменді теңдікті қалпына келтіру бойынша күш-жігері шеңберінде АЭХА тарихында алғаш рет өңірлік топтарға кірмейтін 17 мемлекеттің тізімін дайындады. Бұл тізім 2023 жылғы 10 тамызда Агенттіктің ресми құжатымен бекітілді және Словенияның төрағалығымен құрылатын "Достар тобы" (Arealess Member States достары Тобы) шеңберінде одан әрі жұмысты құруға негіз ретінде Бас конференцияның қарарына енгізілді.
Қазақстандық қарардың соавторлары ретінде АЭХА-нің барлық географиялық аймақтарын қамтитын 56 ел болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.09.2023, 16:34 13386
Қарағанды облысындағы ұшақ апатқа ұшырады
Сурет: ААК
Достарға айту
30 қыркүйекте оқу-жаттығу ұшуы кезінде Қарағанды облысындағы Балапан алаңында P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпады , деп хабарлайды ААК баспасөз қызметінен.
Іздестіру жұмысы барысында қираған ұшақ пен екі адам қаза тапқандығы белгілі болды. Көлік министрлігінің Оқиғаларды тергеу департаменті аталмыш факті бойынша тергеуді бастады.
Нақтыланған деректер бойынша, ұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша 08.44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 км жерде орын алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.09.2023, 11:29 20896
Ташкент қаласында жойқын жарылыс болды
ТЖМ оқиғаның ұшақ апаты салдарынан болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Достарға айту
28 қыркүйекке қараған түні Ташкенттің Сіргелі ауданы "Құрылысшылар" филиалындағы "Inter Logistics" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі қоймада күшті жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Gazeta.uz-не сілтеме жасай отырып.
Жергілікті уақытпен сағат 2:43-те ТЖМ-ға өрт туралы хабар келіп түскен. Жарылыстан кейін Ташкенттің Сіргелі ауданындағы қоймада өрт шықты. Зардап шеккендер бар. Желілердегі бейнежазбаларда үй мен басқа да заттардың қатты зақымдалғанын көруге болады. Қазір тілсіз жау ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға орнына 16 өрт сөндіру бригадасы мен 3 жүк көлігінің жүргізушісі сағат 02:48-де жеткен.
Әлеуметтік желіде тараған видеолардан қатты жарылыс естіледі. Жақын маңдағы үйлер, сауда және басқа да орталықтар айтарлықтай зардап шеккен. Жедел жәрдем пәтерлерді де аралап жүр.
ТЖМ оқиғаның ұшақ апаты салдарынан болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, жарылыс салдарынан зардап шеккендер Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы мен оның Ташкент облысындағы филиалына жеткізілген.
Әзірге олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Дәрігерлер зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.
Жарылыстың себебі анықталған жоқ. Өрт әлі толығымен сөнбеді. Зардап шеккендер мен зақымданған көліктер саны анықталып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2023, 20:42 26101
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Ақсу ауданындағы Көлтабан-Матай тас жолында Mitsubishi Montero Sport көліктері соғылған. Ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды.
ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.09.2023, 11:54 35871
Тараздағы мектепте шыққан өрттен бас сауғалап, үшінші қабаттан секірген екі қыздың омыртқалары сынған
Жарылыс үш күн бұрын қаладағы №44 мектептегі кабинетте болған
Достарға айту
Таразда күрделі жөндеуге жабылған мектептің бірінде өрт шығып, жеті жұмысшы жарақат алды. Бет қаратпас жалыннан жан сауғаламақ болған екеуі үшінші қабаттан секіріп кеткен. Оқыс оқиға болғалы бірнеше күн өтсе де, жансақтау бөлімінде жатқан бойжеткендерге ота жасалмаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Таразда күрделі жөндеуге жабылған мектептің бірінде өрт шығып, жеті жұмысшы жарақат алды. Бет қаратпас жалыннан жан сауғаламақ болған екеуі үшінші қабаттан секіріп кеткен. Оқыс оқиға болғалы бірнеше күн өтсе де, жансақтау бөлімінде жатқан бойжеткендерге ота жасалмапты.
Тіпті облыс әкімінің Астанадан арнайы білікті дәрігер шақыртамыз дегені де өтірік болып шықты" дейді жәбірленушілердің жақындары.
Жарылыс үш күн бұрын қаладағы №44 мектептегі кабинетте болған. Құрылысшылардың сөзінше, еден сырлайтын бояу банкаларының бетін ашқан бетте, қызыл жалын лап ете қалады. Соның салдарынан 7жеті бірдей жұмысшы зардап шеккен. Ал қатты қорыққан 21 және 23 жастағы қыздар терезеден секіріп кетеді.
Үш айдан бері жөндеу жүріп жатқан мектептегі жарылыс түнгі сағат бір шамасында болған. Қызыл жалынның қатты болғаны сонша, физика кабинетіндегі есік-терезенің бәрін қираған.
Сол түні сыныпта болған 10 құрылысшының жетеуі ауруханаға түскен. Жеңіл жарақат алған үш жұмысшы үйіне қайтарылса, күйік шалған екеуі әлі емделіп жатыр. Ал үшінші қабаттан қарғып кеткен қос қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
Қабырғалары, омыртқасы, бір аяғы сынған. Қазір оны жылжытып Астанаға салып жіберуге болмайды. Сол жақтың мамандары осында келіп ота жасайды", - Тараз №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2023, 16:58 38131
Атырау облысында жоғалған бала кәріз құдығынан табылды
Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап шығарып алуға талпынған
Достарға айту
Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылы 1993 ж.т тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Жедел-іздестіру жұмыстары дереу басталған.
Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап шығарып алуға талпынған. Балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсінген ол өзге әріптестерін де көмекке шақырады. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті.
Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
03.10.2023, 11:23Қазақстанда жыл соңына дейін Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады 03.10.2023, 11:52 3701Өткен аптада іске қосылған Риддер ЖЭО № 3 қазандық агрегаты 2 қазаннан бастап тоқтатылды03.10.2023, 12:11 2631Ақмола облысында тағы бір қаожы пирамидасының жұмысы тоқтатылды03.10.2023, 17:25 2036Президент "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамына барды03.10.2023, 17:32 1726Қазақстан мен Того Республикасының президенттері халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады
28.09.2023, 16:57 111656Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін28.09.2023, 16:46 110976ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды28.09.2023, 16:38 110816Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын29.09.2023, 17:58 94936Қазақстанда автомобиль өндірісі 28 пайызға өсті29.09.2023, 17:26 92576"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа басшысы тағайындалды
28.09.2023, 16:57 111656Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін28.09.2023, 16:46 110976ҚР Президентің Германияға ресми сапары басталды28.09.2023, 16:38 110816Алматының қазандықтары жылыту маусымына 100% дайын29.09.2023, 17:58 94936Қазақстанда автомобиль өндірісі 28 пайызға өсті29.09.2023, 17:26 92576"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа басшысы тағайындалды