29.11.2022, 17:36 13091
Almaty Parking-те ұрлық туралы іс аяқталды және сотқа жіберілді - ҚМА
Достарға айту
Қылмысты ұйымдастырушы Мұхтар Боранбаев халықаралық іздестіруге жарияланды
Астана. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша "AlanParking" ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды", - деп хабарлады агенттік.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне "Алматы Спецтехпаркинг Сервис" ЖШС 70% үлесін және "AlanParking" ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.02.2023, 18:59 12086
Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды
Тараз. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Сарыарқа ауданының №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Антикор.
2022 жылдың 3 шілдесінде М. Әбжан 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.
Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбжан екі рет сотталған болатын. Сонымен қатар, алаяқтық бойынша соттылық жойылған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 18:06 12331
Тараз әкімдігінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі Антикор тергеп жатыр
Достарға айту
Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 238 млн теңге көлемінде залал келтірілді
Тараз. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.
Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 238 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - деді агенттікте.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен облыс прокуроры жер учаскелерін сот тәртібімен иеліктен шығару туралы шартты бұзу туралы мәселеге бастамашылық жасады.
Мәселен, 2023 жылғы 6 қаңтарда Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарт жарамсыз деп танылып, жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі қолдау мақсатында облыс әкімдігімен мектеп пен көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қайтарылған жер учаскесінің егжей-тегжейлі жоспарлануын түзету туралы келісімге қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 13:02 15991
Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті
ЖКО дерегін полиция қызметкерлері өндіріске қабылдады
Достарға айту
Алматы. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда 2 ақпан сағат 08:30-да Әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай ЖКО болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алды.
Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметі бойынша, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады полиция.
Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алды.
ЖКО дерегін Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері өндіріске қабылдады.
Ақпарат көзі: polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 14:59 19151
Алматыда алаяқтар өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыруда
Арам пиғылды алаяқтар жалған өнімді интернет, әлеуметтік желілер арқылы жоғары бағамен сату схемасы арқылы жасайды
Достарға айту
Алматы. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың саны артты. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен шұғыл брифинг өтті.
Қалалық әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әнуар Жексековтың айтуынша, алаяқтар азаматтарға телефон соғып, өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау және сендіру жолымен тұрғындардан ақша алып жүр.
Арам пиғылды алаяқтар жалған өнімді интернет, әлеуметтік желілер арқылы жоғары бағамен сату схемасы арқылы жасайды. Ал, алданған тұрғындармен келісім жасалғаннан кейін барлық телефондарды өшіреді. Әрі қарай алаяқтар жәбірленушілерге өздерін әділет департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон шалады, алаяқтардың ұсталғанын хабарлайды, жалған куәлік береді және өтемақы төлеуге уәде береді. Алайда алдын ала комиссия түрінде төлем талап етеді", - деп түсіндірді спикер.
Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаевтың мәліметінше, бүгінгі күні бес жалған қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Әділет департаменті полицияға бес адамға қатысты барлық дәлелдейтін материалдармен арыз жолдады. Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деді ол.
Ведомство өкілдері ел тұрғындарын өз туыстарына, достары мен таныстарына алаяқтық фактілері туралы ескертуге, алаяқтардың арандатуы мен үгітіне сенбеуге шақырды.
Осындай жағдай болған жағдайда, +7 777 252 23 23 телефонына хабарласып, Алматы қаласы әділет департаментінің қазіргі қызметкерлері туралы ақпарат алуға болады.
Сонымен қатар, қызметкерлердің тізімдері департаменттің ресми сайтында жарияланған.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 14:16 19296
ҰҚК ірі есірткі тобының қызметін тоқтатты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
103 келі есірткі тәркіленді
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
"Мефедрон" және "альфа-PVP" әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған. Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды", - деп хабарлайды ҰҚК.
Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.
Өлімге әкелетін "тауарды" Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 14:04 19416
Жамбыл облысында қару сақталған екі жасырын орын табылды
Жасырын орындарда, соның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақ болған
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Тараз. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Тараз қаласы 2-ПБ полиция қызметкерлері мен ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іздестіру жұмыстары нәтижесінде қаладағы өртеніп кеткен ескі гараждардың бірінен қапқа оралған қарулар мен оқ-дәрілер табылды.
Аталған орыннан тіркелген және криминалды қару есебінде жоқ калибрі 16 мм бір ауызды тегіс ұңғылы ИЖ-3К аңшы мылтығы, қаңтар оқиғасы кезінде ПД ғимаратынан ұрланған калибрі 9 мм Макаров тапаншасы, дыбысты граната, калибрі 9 мм 151 дана оқ-дәрі алынды", - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сондай-ақ, Жуалы аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан ескі бос ғимарат ішінен қапшыққа салынып, жасырылған қарулар анықталды.
Қапшықтан тегіс ұңғылы 16-калибрлі қос ауызды ТОЗ нөмері өшірілген шолақ мылтық және 5,45-калибрлі 15 дана оқ-дәрі табылды. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - деп атап өтті полиция.
Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2 және 3-бөлігімен ("Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, жасау, беру, сақтау") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2023, 11:36 36586
ҚТЖ Шымкент филиалының басшысы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Шымкент. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшысы пара алғаны үшін әшкереленді, деп хабарлады Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Ерғарин.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Олар поездарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және т.б. лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген, деді Ерғарин.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
27.01.2023, 11.55 толықтырылды
Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазпошта" АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасарын ұстап, қамауға алды.
Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды", - деді ведомствода.
Бұған дейін Таразда студенттерден пара алған ЖОО оқытушысы ұсталғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2023, 10:44 36736
Таразда студенттерден пара алған ЖОО оқытушысы ұсталды
Аға оқытушы 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткен
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Тараз. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушы қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұсталды.
Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді полицияда.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бапқа сәйкес, осындай қылмыс жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
06.02.2023, 09:02Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады 06.02.2023, 09:23 641Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды06.02.2023, 08:46 256"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының матчында ЦСКА-ны жеңді06.02.2023, 09:50 86Қазақстанда полиция қызметкерлерін тексеру жүріп жатыр
30.01.2023, 15:54 59356Иранда зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ - СІМ02.02.2023, 09:50 54976ҚХР-дан жүктерді тиеу жөніндегі оператор қызметтердің бағасын монополиялық түрде көтерді02.02.2023, 10:27 52691Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз тиеген ауыр жүк көліктерінің шекарада кешігуіне қатысты түсініктеме берді30.01.2023, 10:25 52546Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу энергиясы үшін төлемді қайта есептеуді қайта қарауды тапсырды02.02.2023, 12:39 52151Артық құрылымдар оңтайландырылуда - Қаржы министрлігінің басшысы Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жабылуына қатысты түсініктеме берді
26.01.2023, 13:29 65931Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды12.01.2023, 13:34 65576Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады26.01.2023, 11:42 65176Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады12.01.2023, 12:02 65146Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 12:49 64411ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды