15.11.2021, 19:29 22482

Алматыда қоғамдық көліктің төбесінде отшашулар ұйымдастырған бұзақылар ұсталды

Бостандық аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, бұзақылық әрекеттерге қатысушылар анықталды және ұсталды.
Алматыда қоғамдық көліктің төбесінде отшашулар ұйымдастырған бұзақылар ұсталды
Сурет: polisia.kz
АЛМАТЫ. 15 ҚАРАША - Алматыда қоғамдық көліктің төбесінде отшашулар ұйымдастырған бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 Бостандық аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, бұзақылық әрекеттерге қатысушылар анықталды және ұсталды.
 

Олар барлығы төртеу. Бастапқыда әрқайсысының рөлдері тағайындалған. Біреуі қоғамдық көлік жүргізушісінің назарын аударса, екіншісі - ұялы телефон камерасына не болып жатқанын түсіріп жатқан, тағы екеуі - тікелей орындаушылар, олар қоғамдық көліктің төбесіне шығып, отшашу ұйымдастырған. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сонымен қатар, бұзақылардың әрекетінде ҚР ӘҚбК-нің 436 бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бар", - деп хабарлады, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

 
Баяндамашы өз кезегінде, қоғамдық көлік жолаушыларына нақты қауіп төндірген жастардың мұндай келеңсіз әрекеттерінің шынайы себебін тергеудің анықтайтынын атап өтті. Айтпақшы, автобус төбесінен секірген бұзақылыққа қатысушылардың бірі, басынан жарақат алды.
 
Бұған дейін Алматыда белгісіз біреулер жолаушылар автобусының төбесінде петардаларды жарып жібергені хабарланған болатын. Оқиғаның видеосы желіде пайда болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны