11.11.2022, 13:48 12371

Алматыда Шәріпов көшесіндегі жылу магистралінің үзілісі жойылды

Мамандар Шәріпов және Гоголь көшелерінің қиылысында жарылған жылу магистралін қалпына келтірді.
Алматыда Шәріпов көшесіндегі жылу магистралінің үзілісі жойылды
Сурет: видеодан кадр
Алматы. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда Шәріпов көшесінде болған жылу трассасындағы жарылыстың салдары жойылды, деп хабарлады қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының баспасөз қызметі.
 

11 қарашаға қараған түні сағат 01:50-де "Алматы жылу желілері" ЖШС бригадасы диаметрі 400 мм құбырды қалпына келтірді. Тексерістен соң жылу магистралі іске қосылды, сағат 2:40-та жылу беріліп, қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.

 
Сонымен қатар, Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Ауа райы қолайлы болса асфальтты 13 қарашаға дейін қалпына келтіріледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше Гоголь мен Шарипов көшелерінің қиылысында жылу трассасы жарылған еді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны