13.01.2022, 14:52 24516

Алматыдағы арнайы операция: заңсыз акциялар мен тонаудың 1 925 қатысушысы ұсталды

Алматыдағы арнайы операция: заңсыз акциялар мен тонаудың 1 925 қатысушысы ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр
АЛМАТЫ. 13 ҚАҢТАР - Алматының Бостандық және Түрксіб аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті.
 
Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 925 қатысушысы ұсталды. 38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді.
 

"102" пультіне 961 хабарлама келіп түсті, комендатураның Call орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді", - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 
Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.


Естеріңізге сала кетейік: Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР 14 өңірінде террористік қауіп деңгейінің төмендегенін хабарлады. Алматы қ., Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция жалғасуда.

Алматыда митингілер 5 қаңтарға қараған түні басталды, кейіннен олар тәртіпсіздіктер мен ойранға ұласты. Қатысушылар әкімшілік ғимараттарды, соның ішінде әкімдікті, телеарналар ғимараттарын өртеді. Жүзден астам көлік құралдары мен арнайы техника зақымданып, өртенді. Әуежай басып алынды. Сауда орталықтары, дүкендер, банк бөлімшелері, қару-жарақ дүкендері және басқа да нысандарға қарақшылар шабуыл жасап, тонап кетті.

Мемлекет басшысы қаланың террористік шабуылға ұшырағанын айтты. Төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны