26.08.2022, 15:29 17566
Антикорада Мұхамедиұлына қатысты тергеу барысы туралы айтылды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде. Бұдан басқа, А.Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр", - деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.
Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды.
А.Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, яғни ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.06.2023, 15:04 3766
Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды
Факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Достарға айту
31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлап кеткен.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, сараптама тағайындалды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.06.2023, 14:56 3896
Каспий теңізінің Ақтаудағы жағалауы бір бөлігі қара түске боялды
Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді
Достарға айту
Әлеуметтік желіде Каспий теңізінің Ақтаудағы 4 шағынаудандағы жағалауының қара түске боялғаны көрсетілген бейнежазба тарады. Маңғыстау облыстық экология департаменті теңіз суының өзгеруіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Inform.kz.
Департамент мамандары 4 а шағынауданы теңіз жағалауының қара түске енуіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізген.
Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді. Шолу барысында аталған аумақта табиғи құбылыстар нәтижесінде жылдар бойы жиналған, өлі балдырлардың шіруі мен теңіз түбі лайының (иловые осадки) жоғары көтерілуі салдарынан теңіз түсі өзгеріске ұшырағаны анықталды", - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен.
Мамандар қазір 4 а шағынауданындағы теңіз жағалауын ірі техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімшілігіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап, хат жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2023, 17:00 6696
Үндістанда автобус құзға құлап кетті
Апат салдарынан 10 адам қаза тапқан
Достарға айту
Үндістанның солтүстігінде автобус құзға құлап, 10 адам қаза болды, деп хабарлайды 24 Хабар.
Тағы 55 жолаушы жарақат алды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, апатқа жүргізушінің автобусқа жолаушыларды шамадан тыс көп тиеп алуы себеп болуы мүмкін. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2023, 18:43 10076
Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті
Бүгін түнде құтқарушылар екінші баланың денесін тапты
Достарға айту
Ақтөбе облысы Құрылыс ауылында Ырғыз өзеніне екі бала батып кетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы Ақтөбе облысының ТЖД сілтеме жасай отырып.
Екі бала бұзау іздеп үйден шығып, қайтып оралмаған.
Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16.45-те түскен.
Сағат 18.30-да олардың бірінің денесі судан табылды, екіншісі әлі іздестіріліп жатыр. Ұлдар 12 жаста.
Қазір құтқарушылар, сүңгуірлер және жергілікті тұрғындар екінші баланы іздестіріп жатыр.
Қосымша: 28/05/ 2023, 10.51
Құтқарушылар суға батқан екінші баланың денесін тапқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2023, 11:53 13061
Солтүстік Қазақстан облысында даладан ер адамның мәйіті табылды
Ер адамға найзағай түскені анықталды
Достарға айту
2023 жылғы 25 мамырда СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген.
Ер адамға найзағай түскені анықталды, нәтижесінде ол және оның жылқысы оқиға орнында қайтыс болды.
Тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2023, 11:08 13241
Көлік Петропавлдағы аялдама павильонын соқты: зардап шеккендер бар
Достарға айту
26 мамыр күні Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Honda Fit маркалы көлік құралын басқарып келе жатып Lifan маршруттық автобусымен соқтығысқан, деп хабарлайды Polisia.kz
Соқтығыстан кейін Honda Fit автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ішінде автобусты күткен азаматтар тұрған Жамбыл көшесіндегі аялдама павильонына барып соғылған.
Жедел жәрдем қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге үш адамды жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды.
Жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілді, алдын-ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас емес. Көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.05.2023, 10:26 20061
Абай ауданындағы табиғи өрт аймағында төтенше жағдай жарияланады
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаевтың баяндауынша⬇️ орман өртінің жағдайы қазіргі таңда ерекше бақылауда, өртті сөндіру үшін жедел штаб жұмылдырылды.
Өрт ошақтарын сөндіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, алайда желдің екпіні мен батпақты жерлер жұмысты қиындатуда.
Өрт шарпыған аумақтың ауданы 3,5 мың га құрайды.
Өртті сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, 1 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылған.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, алайда қауіпсіздік мақсатында қосымша 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланған.
Тонау фактілерінің алдын алу үшін эвакуациялау орнында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған.
Сонымен қатар бүгін Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланады.
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев хабарлағандай, өртті сөндіруге ТЖМ, ІІМ, ЭТРМ, ҚТЖ, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Жағдай бақылауда, өртті оқшаулау және жою бойынша барлық мүмкін шаралар қабылданып жатыр.
Премьер-Министр өңірлердің өрт қауіпсіздіне дайындық мәселесі өткен Үкімет отырысында ғана қаралғанын еске салды.
Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толық бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл - әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті", - деді Әлихан Смайылов.
Ол сондай-ақ Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғысын білдірді.
Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін "Семей орманы" резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет", - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.05.2023, 09:22 22956
Абай ауданындағы орман өрті: жақын маңдағы ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кетті
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
2023 жылғы 22 мамырда сағат 15:25-те Абай облысының Бородулиха ауданында, Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта (Алтай өлкесі РФ аумағынан Новенькая ауылынан өтті) құрғақ шөптің жануы орын алып, кейіннен "Семей Орманы"мөр аумағына көшті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өрттің жалпы аумағы 1500 Га.
Орман алқабында құрғақ шөптің жануы болуда.
Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды.
Березовка шипажайы мен Березовка подхозы орнында 15 адамнан тұратын қызметкерлермен кезекшілік ұйымдастырылды.
Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.
Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын 133 адам л/с және 26 бірлік техникамен топтастыру жіберілді. Сондай-ақ "Қазависпас" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.
Тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.
Өрт орнына вице-министр генерал-майор М. Күлдіков келіп жетті.
Өрт орнында командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық.
Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Бородулиха ауданында Абай облысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстік-шығыс жел соғады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
02.06.2023, 10:17Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді 02.06.2023, 14:00 29466Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен келді02.06.2023, 15:32 28626Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің басымдылығын атап өтті02.06.2023, 15:41 28361Маңғыстау облысында "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары ұсталды02.06.2023, 15:52 28206Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды
25.05.2023, 17:37 54546ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54106Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды08.05.2023, 22:00 51296"Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсімі25.05.2023, 17:25 48646Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды47031Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды