26.07.2022, 19:25 13616

Қазақстанда жыл басынан бері қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты 33 қылмыстық іс тіркелді

Қазақстанда жыл басынан бері қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты 33 қылмыстық іс тіркелді
Сурет: polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Жыл басынан бері Қазақстанда 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты 33 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1 - шет мемлекеттің азаматына қатысты. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

 
Аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы "жазалаушы" постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды. 
 
Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді. 
 
Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам осындай сайттар бұғаттауға жіберілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны