27.12.2022, 11:46 30506

"Қазселденқорғау" басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Көкрекбаев бұған дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған
"Қазселденқорғау" басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
Сурет: president.kg
Астана. 27 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазселденқорғау" ММ басшысы Кәрім Көкрекбаев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

Ведомствода ұстау себептерінің егжей-тегжейлері туралы хабарланған жоқ.

Көкрекбаев 2013-2018 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған. 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019 жылдың тамыз айынан бастап "Қазселденқорғау" ММ басқарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны