22.12.2022, 17:04 27171
Бас прокуратура Қазақстандағы қаңтар оқиғаларын тергеуді аяқтауда
Сурет: facebook/Сергей Алексеенок
Достарға айту
Бүгінде 1 249 тұлға сотталды
Астана. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәжімбаев айтты.
Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталып жатыр. Бүгінде 1 249 тұлға сотталды. Негізінен олар ұрлық жасап, қару тонаған, тәртіпсіздіктерге қатысқан. Нақты мерзімге 160 тұлға сотталды. Қалғандары біршама жеңіл жазаға тартылды. Мәсімовке және ҰҚК-нің өзге де басшыларына қатысты іс сотқаа жіберілді. Оларға билікті басып алуға тырысу, мемлекетке опасыздық жасау және билікті асыра пайдалану айыбы тағылған. Сонымен қатар биілікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов ісі де сотта жатыр", - деді ол Бас прокуратураның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.
Оның дерегінше, Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстық ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерінің бұрынғы басшыларына қатысты тергеу аяқталған.
Зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша Алматы мен Талдықорған қалаларында ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Оның ішінде 17 іс сотқа жіберілді", - деді Тимур Тәжімбаев.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.10.2025, 21:29 98291
Ақтөбе облысындағы жол-көлік апаты: Қанат Бозымбаев Үкіметтік комиссияға тапсырма берді
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағында болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырмалар берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазіргі жағдай туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов баяндады.
Алты адам Ақтөбе облысы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адамның жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа. Қанат Бозымбаев Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық авиация арқылы тасымалдауға болатын барлық зардап шеккендерді Астанаға жеткізіп, қажетті ем ұйымдастыруды тапсырды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Ақтөбе облысының әкіміне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетуді тапсырды.
Жол-көлік оқиғасының себептерін жан-жақты тергеумен Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы айналысуда, қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі мен Көлік министрлігіне вице-премьер "Самара - Шымкент" трассасының қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Айта кетейік, 23 қазан күні сағат 08:40-та республикалық маңызы бар "Самара - Шымкент" автожолының 927-шақырымында Өзбекстан азаматы басқарған "DAF" жүк көлігі Хромтаудан Қарабұтақ бағытына қарай шыққан кезде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан "Газель" жолаушылар көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері мен Ақтөбе облысының он тұрғыны (оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала) оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.10.2025, 15:17 100861
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2025, 12:51 135026
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты
Достарға айту
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ адам соққыға жықты. Жазатайым жайт түн ортасында мегаполистегі дәмханалардың бірінде болған. "Күдіктілер 35-40 жас арасындағы атбалдай азаматтар", - дейді жәбірленушінің анасы. Жас жігіт алғашқы соққылардан кейін бірден есін жоғалтқан көрінеді. Бірақ қаскөйлер соған қарамастан ұруды жалғастыра беріпті. Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер ащы суға тойып алған. Досы екеуін жұдырықтың астына алған адам көлікке мініп, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген көрінеді, деп хабарлайды Astana TV.
МАРЖАН БОТБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
Үлкен еркектер, бәрі семейный деп естідім. Солар нападать етіп, бірінші менің баламның досына тиіседі. Артынан балам келеді, не болды деген кезде, мама 15 секунд өткен жоқ қалай құлағанымды білмеймін, удар болды дейді. Мына жағынан удар болған, мына сүйегі сынған. Көз көрінбейді. Мұрны ішке кіріп кеткен баланың, балада сотрясение.
Жәбірленуші нейрохирургия бөлімінде 10 күн ем алады. Алмалы аудандық полиция бөлімі денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, оның қызы бар, ері бар деген сияқты. Жанжалдың неден туындағанын анықтау үстіндеміз. Алдын ала мәлімет бойынша сөзге келіспеген жас адамдар жұдырық ала жүгірді. Қазіргі таңда барлық азаматтар ұсталып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2025, 15:30 177291
Мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады
Достарға айту
17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Inform.kz.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі",- делінген ресми хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2025, 10:56 177536
Астанада кафе өртеніп, 8 пәтер тұрғындары зардап шекті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылды.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады.
Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталады.
Осындай барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2025, 14:01 189481
Алматы облысындағы ҚТҚ полигонындағы жануды сөндіру жұмыстары жүргізілуде
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Алатау қ. Әли ауылының маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыстың жануы орын алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖД, ЖАО, ПД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.09.2025, 20:42 201421
Маңғыстауда жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты
Достарға айту
Жантүршігерлік оқиға 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған, деп хабарлайды Inform.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, "Toyota Hiace" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге иебола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған.
Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды",- делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2025, 16:10 206606
"Келешек мектептері": Құлсарыда салынып жатқан мектептің төбесі опырылып, ортасына түсті
Сурет: Ак Жайык
Достарға айту
Қазір комиссия құрылып, тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Inform.kz.
Құлсары қаласында "Келешек мектептері" жобасы аясында 1200 орындық білім ордасы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары кезінде спорт залының төбесі опырылып, ортасына түсті. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ы Кұлсарыдағы жағдайға байланысты ресми жауап берді.
Аталған нысанды "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында "Turan Ascent" ЖШС салып жатыр. Мектепті пайдалануға беру мерзімі- 2025 жылдың соңы. Алдын ала мәлімет бойынша, құрылыс материалдарын дұрыс сақтамау және орналастыру талаптарының бұзылуынан осындай оқиға болған. Атап айтқанда, спорт залының шатырына шектелген аумаққа салмағы 6 тоннадан асатын материалдар қойылып, конструкцияға зақым келтірген. Оқиғаға байланысты тапсырыс беруші тарапынан басшылық, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері кіретін комиссия құрылды. Сонымен қатар, жобалық шешімдерге сәйкестігін және конструкциялардың көтеру қабілетін тексеру үшін арнайы техникалық сараптама ұйымы тартылды",- деп хабарлады "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның баспасөз қызметі.
Сараптама жұмыстарынан соң ғана қорытынды шешім қабылданады. Мердігер анықталған барлық кемшілікті жоюға міндетті.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ "Келешек мектептері" ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында сапа мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды басты қағида етіп ұстанады",- деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
01.12.2025, 12:48Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда 01.12.2025, 15:43 72746Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 14:38 72396Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда01.12.2025, 13:34 72381Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде30.11.2025, 09:19 68716Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176516Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174811Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151741Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146271Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145941Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

