21.10.2022, 14:30 20881

"Бейнеуліктер" ҰҚТ-ның жетекшісі мен бес мүшесі ұсталды

Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді.
Ақтау. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бейнеуліктер" қоғамдық қауіпті қылмыстық тобының қызметіне жол бермеу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
 
2022 жылғы 11 қазанда бірнеше кезеңнен тұратын жедел жұмыстардың нәтижесінде бір уақытта Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметін жұмылдыра отырып қоғамға қауіпті "Бейнеуліктер" қылмыстық тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция іске асырылды.
 

Топ мүшелері "Тәжен" өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

 
Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталды.
 
Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны