31.12.2022, 08:59 43576

Екібастұзда ЖЭО-ға арналған су құбыры зақымданды

Зақымданған техникалық су құбырын жөндеу жұмысы аяқталды
Екібастұзда ЖЭО-ға арналған су құбыры зақымданды
Сурет: Екібастұз әкімдігі/Instagram
Екібастұз. 31 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Кеше Екібастұз қаласында "Қалалық су арнасы" кәсіпорнындағы жөндеу жұмыстары кезінде ЖЭО-ға арналған диаметрі 500 мм болатын техникалық құбыр жарылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
 
Әкімдіктің мәліметінше, бұл ақаудың қаланы ауыз сумен қамту жүйесіне еш қатысы жоқ.
 
Зақымданған техникалық су құбырын жөндеу жұмысы аяқталды.
 
31 желтоқсан түнгі сағат 00.51-дегі ақпарат бойынша, Екібастұз жылу электр орталығына арналған диаметрі 500 мм-лік техникалық су құбырын қалпына келтіру жұмысы соңына жеткен.
 
Екібастұз әкімдігі/Instagram

Қазіргі уақытта жүйе іске қосылып жатыр. Коммуналдық қызмет мамандары желіні қажетті сумен толтырып болғанша оқиға орнында жұмысын жалғастырады. Бүкіл процестер мамандардың бақылауында" деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашада Екібастұздағы жылу желілерінде ірі апат орын алып, тұтынушылар 30 градус аязда жылусыз қалды. 130 тұрғын үй, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Павлодар облысының прокуратурасы ТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны