07.11.2022, 13:27 14656

Энергетика министрлігі Риддер ЖЭО-дағы апатқа қатысты түсініктеме берді

Жергілікті ауқымда жарияланған төтенше жағдайдың режимі шеңберінде өңірдің энергетиктерін тарта отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Энергетика министрлігі Риддер ЖЭО-дағы апатқа қатысты түсініктеме берді
Сурет: видеодан кадр
Риддер. 7 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Жергілікті ауқымда жарияланған төтенше жағдайдың режимі шеңберінде өңірдің энергетиктерін тарта отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
 

7 қарашада (сағат 3.40-та) Риддер ЖЭО-да № 2 қазандық іске қосылды, № 1 қазандық іске қосуға дайындалуда. Жылу желілеріндегі жеткізу температурасы: кесте бойынша – 70 градус, іс жүзінде 30 градусқа дейін төмендеді. 2022 жылғы 3 қарашада Риддер ЖЭО-ны шлактан тазарту үшін № 3 қазандық тоқтатылды. 4 қарашада № 2 қазандық, 6 қарашада қосалқы жабдық бойынша ақауларды жою үшін № 1 қазандық және қыздыру бетіндегі ақауларды жою үшін № 6 қазандық тоқтатылды", - деп хабарлады ведомствода.

 
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің басшылығымен құрылған "Риддер ЖЭО" АҚ төтенше жағдай жөніндегі жедел штабына ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілдері де кірді.
 

Қазіргі уақытта жергілікті ауқымда жарияланған төтенше жағдайдың режимі шеңберінде өңірдің: Өскемен және Согра ЖЭО энергетиктерін тарта отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ мазут қорларын жедел толықтыру жүзеге асырылуда", - деді баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Риддерде жергілікті ЖЭО апатына байланысты ТЖ режимі жарияланды. Қаланың 22 мың тұрғыны жылусыз қалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны