10.04.2023, 13:11 14821

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертті

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертті
Халықаралық аударымдармен байланысты алаяқтық әрекеттердің көбейді

Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Ұлттық Банкі халықаралық аударымдармен байланысты алаяқтық әрекеттердің көбейгенін ескертеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық Банкке шетел валютасымен ақша алуға жәрдем көрсетуді сұрап, өтінішпен жүгініп жатады. Әдетте, мұндай өтініштерге жалған төлем құжаттары (соның ішінде SWIFT форматында) және есепте жоқ шоттар мен ақша аударымдарын растайтын шарттар қоса беріледі. Назар аударуды сұраймыз, Ұлттық Банк орталық банкі саналады және ол Қазақстан Республикасының банк жүйесінде жоғарғы (бірінші) деңгейді білдіреді. Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және ҚР резидент, бейрезидент тұрғындарына ақша аудармайды", - деп хабарлайды Ұлттық Банктің сайты.


Ұлттық Банк SWIFT арқылы клиент төлемдеріне қызмет көрсету процесіне қатыспайды және SWIFT арқылы операция жүргізуге рұқсат бермейді.

Ұлттық Банк жекелеген валюталық шарттарға валюта операциялары бойынша деректерді жинау мақсатында ғана есептік нөмірлерді тіркейтінін хабарлаймыз. Бұл рәсім рұқсат ету, санкция салу немесе мақұлдау қызметін атқармайды. Есептік нөмірді Ұлттық Банк реттеуші тарапынан қандай да бір міндеттемесіз береді және оның болуы келісім бойынша ақша түскенін не жөнелтілгенін білдірмейді. Бұл ретте нөмір беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тұлғаларды жауапкершіліктен босатпайды", - делінген ақпаратта.


Бұған дейін қазақстандық банктер мен ұялы байланыс операторлары қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерткен болатын. Сондай-ақ, ҚР ИИДМ "конкурстық негізде пәтер ұтысын" жарнамалайтын алаяқтар туралы ескертті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны