13.12.2022, 19:26 17631

Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орын анықталды

Полицейлер қару-жарақ, оқ-дәрілер, гранаталар, өтпейтін жилет және т.б. тәркіледі
Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орын анықталды
Сурет: Polisia.kz
Қонаев. 13 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады.
 
Сөмкенің ішінен 12 мм винчестердің 2 бірлігі, 223 Rem BENELLI мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшылық мылтық және бір ұңғылы кесілген мылтық табылды. Сонымен қатар газ тапаншасы, Ф-1 екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патроны бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет тәркіленді.
 
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Қонаев қаласы ПБ-ға тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны