01.03.2023, 11:41 22576

Орал мен Ақсай көшелерін еріген су басты

Орал мен Ақсай көшелерін еріген су басты
Сурет: gov.kz
Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр су сорылып, 5100 текше метр қар шығарылды

Орал. 1 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Орал қаласы мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласында еріген су көшелер мен аула аумақтарын су басқан, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.

gov.kz

2023 жылғы 28 ақпан 16.00-ден 23.00-ге дейін +2 температура режимінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде Орал қаласы мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласы орталығының көшелері және тұрғын үй аулаларында еріген қар суы жиналды", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын бұру және сору жұмыстары жүргізілді.

gov.kz

Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр су сорылып, 5100 текше метр қар шығарылды.

gov.kz

Бұған дейін ТЖМ ауқымды су тасқыны қаупі туралы ескерткен болатын. Су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны