21.10.2021, 19:10 65170

Қостанайда жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн теңгеден астам қаражат ұрланды

ҚОСТАНАЙ. 21 ҚАЗАН - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер "Galara" ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу шарт жасалған.
 

"Galara" ЖШС Бас директоры А.Ринг ТКШ бөлімі инспекторы Н.Қойшыбаевтың көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынды. Жалған акт негізінде ЖШС есеп шотына 27 миллион астам теңге негізсіз аударылды", - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны