11.11.2022, 15:30 20916

ҚР-да есірткі егу және марихуананы заңдастыру мүмкіндігі туралы ІІМ хабарлады

ҚР-да есірткі егу және марихуананы заңдастыру мүмкіндігі туралы ІІМ хабарлады
Сурет: ҚР ОКҚ
Астана. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Екі айдың ішінде Қазақстанда әуе барлауының көмегімен 19 қарасора есірткі егісі анықталды, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.
 

Әуе көліктерімен 20 рет ұшуы кезінде марихуана сақтаудың 2 фактісі, есірткі егудің 19 фактісі анықталды. Жалпы салмағы 5,5 тонна болатын 10 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. Абай облысының Үржар ауданында қаскүнемдер есірткі егуге тырысқан. 105 кг дайын өнім және 2 мыңға жуық өсірілген қарасора бұталары тәркіленді. 13 адамның 8-і бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған Қызылорда облысының тумалары", - деді Әмірханов.

 
Оның айтуынша, есірткі сатушылар егіс орындарын ауыстырып отыруға тырысады. "Шу қарасорасының" таралуы да солай.
 

Жамбыл облысында жабайы қарасора жалпы ауданы шамамен 148 мың гектар жерде өсірілген. Жыл сайын алқапта қылмыскерлерді аңду және ұстау бойынша іс-шараларды өткізу үшін жол талғамайтын көліктермен және арнайы техникамен жабдықталған "Дельта алқабының" арнайы жасағының қызметкерлері жұмылдырылады. Бұған қарамастан, елдің басқа аймақтарында "шу" есірткілері табылатын фактілер тіркеледі", - деді полковник.

 
Мысалы, Маңғыстау облысы мен Астанада ұсталған адамдардан осы қарасора сортының 250 кг тәркіленді. Жүкті логистикалық компания жеткізген. Жыл басынан бері барлық құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, 2,5 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды.
 

Оның 60%-ы немесе 1,5 мыңы сатумен байланысты. Жалпы 12,7 тонна есірткі тәркіленді. Оның ішінде героин – 33 кг, апиын – 68 кг, синтетика – 507 кг, гашиш – 705 кг, марихуанна – анаша дейміз, 4 тоннадай, қалғаны канабис секілді өсімдік түрлері", - деді Әмірханов.

 
Ол сондай-ақ Қазақстанда марихуананы заңдастыру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.
 

Соңғы жылдары жекелеген бизнес-құрылымдар құрамында есірткі бар өсімдіктерді түрлі салаларда, соның ішінде өнеркәсіп пен медицинада, марихуананы заңдастыруға дейін ауқымды қолдану туралы мәселені белсенді түрде қолпаштауда. Бірақ бұл БҰҰ Конвенциялары мен ұлттық заңнаманың негізгі қағидаттарына қайшы келіп қана қоймай, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, каннабис пен оның туындыларының заңсыз айналымы мәселесін шешпейді", - деді Әмірханов.

 
Оның айтуынша, жыл сайын 10-15 тонна аралығында есірткі тәркіленеді, 200-ден астамы есірткі өсіру фактілерімен 50-дей ірі плантация жойылады.
 

Мұның бәрі есірткі бизнесінің осы түрінің жоғары ұйымдастырылғандығын көрсетеді", - деді спикер.

 
Оның айтуынша, есірткі саудасы интернет және электрондық төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Есірткі сайттарының негізгі бөлігі "Кибернадзор" ақпараттық жүйесімен автоматты түрде бұғатталады. Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды, оның ішінде Telegram мессенджерінде 1,5 мыңға қол жеткізу шектелген.
 

Біз мұнымен күресуіміз керек", - деп түйіндеді Әмірханов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны