24.04.2023, 08:21 19826

Риддерде биік ағашқа шығып кеткен қызды құтқарды

Қыз ағашқа шамамен сегіз метр биіктікке көтерілді
Риддерде биік ағашқа шығып кеткен қызды құтқарды
Сурет: gov.kz
Риддер. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Риддерде қыз бала сегіз метрдей биіктіктегі ағашқа көтеріліп, түсе алмай қалды. Құтқарушылар оған көмекке келді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Риддер қаласының құтқарушыларына 2012 жылы туған қыздың анасы қоңырау шалып, көмек сұрады. Белгілі болғандай, оның қызы көшеде ойнап, биік ағашқа шығып, сосын түсе алмай қалған. Қыз бала қатты қорқып, жылап отырды. 14-ӨСБ құтқарушылары оқиға орнына келіп, үш иінді баспалдақты орнатып, шамамен 8 метр биіктікке көтеріліп, баланы аман-есен жерге түсірді", - деп хабарлады облыстық ТЖД.


gov.kz

ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Балалармен қауіпсіз іс әрекет ережелері бойынша түсіндірме әңгімелер өткізіңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз", - деп қосты ведомствода.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны