20.09.2021, 17:06 9387
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қол алысу кезінде жүргізушілерден пара алды
Достарға айту
Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған. Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған. Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған. Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған", - деп хабарлады ведомствода.
Барлығы ақша аударымының 20-дан астам эпизодтары құжатталды.
4 адамға қатысты сот "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеумен белсенді ынтымақтастыққа келді. Қазіргі уақытта Агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2026, 11:12 12586
Алматы облысында ондаған адам сушиден уланып қалды
Сурет: unsplash.com
Достарға айту
Боралдайда фастфудтан уланған 65 адам жедел жәрдем шақыртқан Алматы облысында фастфуд жеген тұрғындар жаппай уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Олар дәмханадан суши мен пицца алдырған. Қызуы көтеріліп, жүрегі айныған 65 адам, көп ұзамай, жедел жәрдем шақыртады. Қазір жартысынан астамы ауруханада жатыр. Ал осы оқиғадан кейін дәмхана уақытша жұмысын тоқтатқан, деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 10:32 21316
Эболадан көз жұмғандардың саны 200-ге жетіп жығылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Конго Демократиялық Республикасының үш провинциясында Эбола жұқтырғандар саны 808-ге жетті, оның 192-сі көз жұмды, деп хабарлайды Қазинформ DW сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті.
Гуманитарлық ұйымдар Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эболаның жаппай таралуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды KNA ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2026 жылдың 14 маусымындағы жағдай бойынша Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында 808 жағдай тіркелген, оның 192-сі қайтыс болған. Аурудан болатын өлім-жітім деңгейі 23,8%-ды құрайды.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Oxfam КДР-ға халықаралық гуманитарлық көмектің айтарлықтай қысқартылғанын хабарлады. 2024 жылы қаржыландыру 2,58 миллиард долларды құраса, 2026 жылы 1,4 миллиард долларға дейін төмендеді. Ұйым бұл гуманитарлық агенттіктерді өз жұмыстарын айтарлықтай қысқартуға мәжбүр еткенін атап өтті.
Сонымен қатар, Welthungerhilfe инфекцияның таралуын тоқтату үшін халықты тестілеуді және байланыстарды бақылауды күшейтуге шақырды.
Бұл айтарлықтай көп қаржыландыруды, қаншама медициналық персоналды және сапалы медициналық жабдықтарды қажет етеді", - деді аймақ директоры Урсула Лангкамп.
Лангкамп сонымен қатар алдын алу шараларын жақсарту үшін зардап шеккен қауымдастықтарға гигиеналық құралдарды тарату керек екенін, оқшаулау палаталары мен орталықтарына азық-түлік тарату пациенттерді қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету және оларды аштықтан қорғау үшін де маңызды екендігін мәлім етті.
Айта кетейік, Африкадағы Эбола індеті жаңа жаһандық пандемия алдындағы ескерту болуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 14:45 28016
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің 11-қабатынан велосипед лақтырып жіберген баланың заңды өкілдері анықталды
Достарға айту
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің 11-қабатынан велосипед лақтырып жіберген баланың заңды өкілдері анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Велосипед құлаған сәтте аулада жақын маңнан өтіп бара жатқан баланың болғаны туралы да хабарланды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен қайғылы жағдайдың болуы әбден мүмкін еді.
Астана қалалық полиция департаменті тұрғын үйдің 11-қабатынан велосипед лақтыру оқиғасына қатысты түсініктеме берді.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін анықтады. Оларға кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомстводан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 13:46 28546
СІМ Чикагода жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады
Достарға айту
АҚШ-тың құзырлы органдары бұған дейін табылған адамның жеке басын анықтады. Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына ауыр қайғыларына байланысты шынайы көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және қаза болған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста", - деп көрсетілген СІМ хабарламасында.
Мекеменің мәліметінше, марқұмның туыстарына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша тиісті консулдық көмек көрсетілуде.
Бұған дейін, әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған 24 жастағы қазақстандықтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтың жоғалуына қатысты түсініктеме берген еді.
Еске салсақ, бұған дейін СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғанын мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 16:46 33306
Италияда қаза тапқан қазақстандыққа СІМ қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Италияда қаза тапқан Қазақстан азаматына қатысты қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Құзырлы органдардың ақпаратына сәйкес, ол суға батып кеткен. Біздің тараптан қажетті консулдық-құқықтық көмек, оның ішінде құжаттарды рәсімдеу және мәйітті елге жеткізу мәселелерін ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар қабылданды», – деді Ерлан Жетібаев.
Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында Италияның Бриатико қаласындағы жағалау маңындағы жартастар арасынан Қазақстаннан барған студенттің өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 15:57 33631
АҚШ-та Қазақстан азаматының мәйіті табылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деді Ерлан Жетібаев.
Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста.
Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 24 жастағы Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Хабарламаларға сәйкес, ол АҚШ-тың Иллинойс штатында тұрған. Кейін оның жоғалуына қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2026, 16:10 139416
Көлсайда автокөлік жардан құлап кетті
Достарға айту
Алматы облысында автокөлік жардан құлап кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік жардан төмен қарай құлап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, - деп хабарлады департаменттен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 21:56 262596
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт: алты адам медициналық көмекке жүгінді
Сурет: ҚР ТЖМ
Достарға айту
Семей қаласындағы Шұғаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін алты адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы жіберілді. Дәрігерлерге жүгінгендердің ішінде үшеуі ересек, үшеуі бала.
Екі ересек адам мен бір бала медициналық тексеруден бас тартып, оқиға орнынан өз бетінше кеткен. Олар қаладағы медициналық мекемелерге жүгінбеген.
Бір науқас көмірқышқыл газынан улану диагнозымен нефрология орталығына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тағы екі бала жеке көлікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта бұдан басқа медициналық көмекке жүгінгендер тіркелген жоқ. Медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Ведомство өкілдері әлеуметтік желілерде тараған түрлі ақпаратқа да түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарап жатыр. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылғаны хабарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2026, 09:30Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды 19.06.2026, 09:58 33771Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 28566Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 282712025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді19.06.2026, 16:14 25636Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
17.06.2026, 10:08 60651Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек16.06.2026, 09:44 57521ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 12:31 56326Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады15.06.2026, 17:34 54961Қазақстан ШЫҰ-ның рөлін нығайтуды қолдайды - СІМ15.06.2026, 17:31 54586Қазақстан мәдениет, энергетика және экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
22.05.2026, 20:31 251821Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237526Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207956ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195031Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 195016Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

