27.12.2021, 18:34 13121

Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін сотталды

Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін сотталды
Сурет: pexels
ШЫМКЕНТ. 27 ЖЕЛТОҚСАН - Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

 
Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына "Мейір құрылыс", "Тыныштық 2018", "Элит Капитель", "МАГМА-2018", "Ашимов и Ко", "A L A T A U K", "S-Industry", "БЕС ҚАСҚА", "ЖОРҒА 2019", "ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020", "Eхcellent", "УГАМ 2018", "005", "Эверест К" ЖШС 14 кәсіпорынды тіркеген.
 
Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатынсыз құрылған. Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған.
 

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд. теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды", - деп хабарлады ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны