12.08.2021, 18:40 14747

Сот Анатолий Балушкинді күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады

Қазіргі уақытта "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы іздеуде.
НҰР-СҰЛТАН. 12 ТАМЫЗ - Сот "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментімен "Азия –Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы А.М. Балушкинге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-б. (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тергелуде.
 
Қазіргі уақытта сот күзетпен ұстау (сырттай) түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады және іздеу жарияланды.
 
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, "Азия Авто" АҚ және "БИПЭК Авто Қазақстан" АҚ бақылаушы акционері тергеуден жасырынып жүр және оған іздеу жарияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны