10.02.2023, 08:16 29431

Түркияда екінші қазақстандықтың денесі үйінділерден шығарылды

Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 17 674-ке дейін өсті
Түркияда екінші қазақстандықтың денесі үйінділерден шығарылды
Сурет: gov.kz
Анкара. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Түркияның Хатай провинциясының Антакья қаласында жер сілкінісі салдарынан толығымен қираған алты қабатты үйдің үйінділерінің астынан қазақстандық Мирболат Құрмашевтің денесі табылып шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі табылып шығарылды", - деп хабарлайды ҚР ТЖМ.


Үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына қол жеткізу үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады.

Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты", - деп хабарлады ТЖМ.


Естеріңізге сала кетейік, кеше кешке құтқарушылар ҚР азаматы Қадырбеков Әділдің денесін тапты.

СІМ қаза тапқан адамның денесін отанына жеткізуге барынша жәрдем көрсетеді", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Түркияда жер сілкінісі үш күннен бері жалғасып келеді. Елде жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды және апаттан зардап шеккен он провинцияда үш айға төтенше жағдай енгізілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 17 674-ке дейін өсті, 72 мыңнан астам адам жараланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жер сілкінісі Сирияға да әсер етті: Алеппо, Латакия, Хама және Тартус провинциялары. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, 1 200-ден астам адам қаза тауып, екі мыңнан астам адам зардап шекті.

Президент Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Қазақстан Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсетуге 1 миллион доллар бөледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Түркияға құтқарушылардың екінші тобын жіберді. Қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны