02.09.2022, 16:36 11936

Таразда қару-жарақ сақталған қойма табылды

Таразда қару-жарақ сақталған қойма табылды
Сурет: polisia.kz
ТАРАЗ. 2 ҚЫРКҮЙЕК - 31 тамызда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының көпірлерінің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған орынды тапты. 
 

Қара түсті полиэтилен пакеттен МР-79-9 травматикалық тапаншасы, маркасы белгісіз 2 тапанша, көзден жас ағызатын 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон және Макаров тапаншасының оқжатары тәркіленді",- деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

 
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. 
 

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі", - деп толықтырды полицияда.

 
Естеріңізге сала кетейік, тәртіпсіздік кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қару Қазақстанда іздестірілуде.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны