14.01.2026, 13:55 2691

Теміртауда 40-қа жуық көпқабатты үй жылусыз қалды

Қатты аяз кезінде Теміртауда магистральдық жылу құбырының зақымдануынан екі шағынаудандағы үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Кеше кешкі уақытта 8-ші және Отрадное шағын аудандарын жылумен қамтамасыз ететін магистральдық жылу желісінде апат болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Құбырдың жарылуынан шамамен 40 көпқабатты тұрғын үй, бірнеше жеке тұрғын үй, сондай-ақ бизнес және әлеуметтік нысандар жылусыз қалған. Оқиға дауылды күні болды, сол уақытта өңірде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеген.

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің айтуынша, зақым тозығы жеткен, 1970 жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген құбыр учаскесінде анықталды. Қалпына келтіру жұмыстарына мамандар мен апаттық-қалпына келтіру бригадалары жұмылдырылды. Барлық қажетті техника мен күштер қолданылып, ақауларды жою жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Әкімдік жұмыстардың барысы туралы қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақау толық жойылған. Қазіргі уақытта жүйені толтыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны