27.08.2021, 22:43 13885

Жамбыл облысындағы жарылыстар: қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

ТАРАЗ. 27 ТАМЫЗ - Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он екі адамға жетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталуда", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 
Айта кетейік ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралды. Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды. Өрт шығып, 10-нан астам инженерлік оқ-дәрілер жарылды. 
 
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған өрт пен жарылыстың салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны